Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет595/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

өНЕГ

өНЕР


423

не  өзара  байланысында  зерттеуге 

мүмкіндік  беретін  жүйелі  көзқарас 

тұрғысын жүзеге асырып келеді.

Халқымыздың мақал-мәтелдерде кө- 

бірек сөз болған тақырыптың бірі – 

өнер мәселесі. Қай халықтың да ұлт- 

тық  тілімен  қатар  ұлттық  өнері  бо-

лады. Біздің халқымыздың да барша 

жұрт сүйіспеншілігіне бөленген, жү- 

ректің тереңінен орын тепкен, ғасыр- 

лар бойы біртіндеп дамып қалыптас- 

қан  ұлттық  өнері  бар.  Өнер  –  шын- 

дықты  көркем  бейнелер  арқылы  та-

нып, білу. Халқымыз ертеден-ақ өнер- 

ді  ерекше  қастерлеп,  жезтаңдай  ән- 

шілер  мен  күйшілерді,  тілге  жүйрік 

шешендерді, бармағы майысқан ше- 

берлерді  құрметтеп,  майталман  та- 

ланттардың алдында бас иіп, олардың 

өнерін мақтан еткен, өздері де солар-

дай болуға ұмтылып отырған. Ол өз 

ұрпағына  өнердің  маңызын  түсінді- 

ріп қана қоймай, оны жатпай-тұрмай 

үйренуге,  бойға  дарытуды  мақсат 

еткен. Мәселен, «Өнерді үйрен де жи- 

рен»; «Өнерліге ер жоқ», «Өнерлі қол 

аш  болмас»,  «Өнерлінің  өрісі  кең», 

«Өнерліге  өлім  жоқ»,  «Өнерлі  өрге 

жүзеді», т. б. осы іспеттес мақалдар- 

дан  өнерді  үйреніп,  жаттықсаң  ғана 

меңгересің, білсең, бәрін де жеңесің, 

тетігін тапқан адамға қиындық бөгет 

бола алмайды, өнерлі адамның өрісі 

кең  болады,  өнер  адамның  көздеген 

мақсатына тезірек жетуге мүмкіндік 

береді,  бір  сөзбен  айтқанда,  өнер 

атаулының танымдық маңызы зор, ол 

адамды  жан-жақты  тәрбиелейді  де- 

ген идеялар ап-айқын көрініп тұр.

Өнер  халықтікі,  оны  тудыратын  да, 

бағалайтын да оның өзі. Өнер халық 

қолдауын  тапса  ғана  өмір  сүре  ала- 

ды, өнерді қоғамға телуші де, қоғам- 

нан аластаушы да халық. Сондықтан 

да, «Өнер көзі – халықта», «Халықтан 

асқан ақын жоқ», «Өнер тілі ортақ», 

«Шебердің қолы ортақ» деу арқылы 

халқымыз бүкіл адамзаттың озық ой- 

лы  өнер  үлгілерінің  баршаға  ортақ- 

тығын, өнерлінің халықтан асып еш- 

қайда  бармайтындығын,  оның  бар- 

лық уақытта жұртпен бірге болатын- 

дығын айта келіп, майталман өнер ие- 

сін әр уақытта да мақтаныш санаға- 

ны жайлы тұжырымдайды.

Адамның  көпшіл,  қоғамшыл  болып 

өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы 

зор. Өнер адамның дүниетанымына, 

сеніміне,  адамгершілік  моральдық 

қасиеттерінің  қалыптасуына,  эсте- 

тикалық сезімдерінің тұрақтай түсуі- 

не,  алдына  қойған  мақсатының  ай- 

қындала  беруіне  игілікті  әсер  етеді. 

Сондықтан да, халық өз ұрпағының 

өнердің  сан  саласынан  толық  мағ- 

лұматы  болуын  аңсап,  бұған  қатты 

көңіл бөлген. Осыған орай: «Өнер – 

таусылмас  азық,  жұтамас  байлық», 

«Өнерлі өрге жүзер», «Керек тастың 

ауырлығы жоқ», «Талаптымен талас-

па», «Өнер – ердің қанаты», «Өнерлінің 

ырысы  –  жарқырап  жатыр  жолын- 

да» деп, өнер – құдіретті күш, ол жар- 

қын  болашаққа  жол  сілтейтін  жан 

серігің, ертеңгі күнгі жейтін тамағың, 

ішетін сусының, рухани байлығың деп 

тебіренеді.  Балғын,  балалық  шақ  – 

өнер  үйренуге  таптырмайтын  кезең. 

Балалық кезде қызығу да, құмарлық 

та күшті болады. Қызығу мен құмар- 

лық  ынтымақты  еңбексіз  өрге  бас- 

пайды. Жай әуесқойлық, көрсеқызар- 

лықпен әр нәрсеге бір ұмтылып, үл- 

кен еңбекті қаламайтын адамға өнер- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет