422
өлшенеді. Тұлғаның жекебастық да-
муын анықтаудың ең басты белгісі
оның қоғамдық, тарихи процестегі
орнын белгілеу болмақ.
Адамның жеке тұлға ретінде қалып-
тасуы, ең алдымен, оның өмірден өз
орнын саналы түрде таба білуіне бай-
ланысты. Жеке тұлғаның өзіндік өмір-
лік ұстанымы оның қоғамға, қоғамдық
байлыққа деген көзқарас пікірден,
іс-әрекетінен, қоғамдық қызметінен,
өмірге деген көзқарасынан білінеді.
Адамның өмірі мен қызметі, өмірге
деген көзқарасы оның мамандығына
байланысты. Адамның өмірлік белсен-
ді ұстанымы еңбек процесінде ай-
қындалады, шыңдалып беки түседі.
Ол іс-әрекет пен сөздің бірлігінен,
адамның алға қойған мақсатты орын-
даудағы белсенділік пен теориялық
білім, білік, іскерлік қабілетін жүзе-
ге асыра білуінен байқалады.
өНЕГЕ – ұлағатты адамдардың, қарт-
тардың жастарға көрсеткен үлгісі;
айтқан насихаты. Ұлағатты адам жас-
тарға үлгі-өнеге көрсетеді. Өнегелі –
басқаға үлгі көрсететін, өзгеден өнеге
үйрене білетін адам. Өнегелі адам
иманды, зерделі, инабатты болады,
одан басқа адамдар жақсылықты үй-
ренеді, оны өзіне үлгі тұтады. Өне-
гесіздік адамгершілігі жоқтык, қо-
ғамдық, тұлғалық қарым-қатынасқа
сыйымсыз іс-әрекет ету.
Достарыңызбен бөлісу: