427
ман жоқ. Себебі, ондай адамды елі,
халқы, Отаны еш уақытта да ұмыт-
пайды, есінде сақтайды, деп түйеді
ақын өз ойын.
Сонымен ақынның қай өлеңін алсақ
та онда жырланатын үлгі-өнеге,
тәлім-тәрбиелік аталы сөздердің түп-
тамыры бір. Халқыңды сүй, көппен
бірге жүрсең қор болмайсың, бәрі-
нен де жұрт мүддесін жоғары ұста,
халық үшін аянбай еңбек ет, дейді
Махамбет жастарға. Осылайша те-
бірене жырлаған ақын өсиеттері өз
оқырмандарын тез баурайды, өйткені
бұларда қазақтың қалың бұқарасы-
ның бір кездегі бар арман-тілегі, ой-
сезімі, мұң-зары сомдана жинақтал-
ған. Махамбет өлеңдері, әсіресе, жас-
тарды уылжыған жас кезінен қанатын
қатайтып, буынын бекітіп, оларды
белсенді әрекетке ұмтылдыруда, ерлік
істерге баулуда таптырмайтын асыл
мұра.
Профессор М. Ғабдуллин кезінде мы-
надай байсалды пікір айтқан еді: «Бү-
гінгі совет жастарын патриоттық рух-
та тәрбиелеуде ақын-жыраулардын,
өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде
пайдасы бар екендігі хақ. Мұндағы
тәрбиелік мәні бар әңгімелер, бүгінгі
жастарға жат емес. Халықты сүй,
халық үшін ерлік еңбек ет. Ел-жұрты-
ңа қорған бол деушілік қазіргі күнде
ескірген сөздер емес, қайта мағына-
лы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлар-
дың ішінен жастарымызды тәрбие-
леуде әсер ететіндерін таңдап алып,
орнымен пайдалана білсек, бұл нұр
үстіне нұр болар еді». Осы тұрғыдан
қарағанда, Махамбет өлеңдерін оқу-
тәрбие ісінде ретімен пайдаланып
отыру – әрбір тәрбиеші ұстаздың бас-
ты парыздарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: