Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет615/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   611   612   613   614   615   616   617   618   ...   877
ПЕДА

ПЕДА


436

Психологиялық-педагогикалық зерт-

теу  нәтижелері  білім  беру  әдістері- 

мен  мазмұнын  құрастыру  кезіңде, 

оқу құралдарын жасауға, диагности-

ка құралдары мен психикалық даму 

түзетімін  тексеруде  қолданылады. 

Педагогтың жұмыс істеу стилі – пе- 

дагогикалық  үрдісте  жетекшілердің 

оқушылармен  қатынас  жасау  әдіс- 

терінің  жиынтығы,  педагогикалық 

жұмысқа теориялық және тәжірибе- 

лік дайындалудың бірлігі де П.п. қа- 

растыратын мәселелерінің бірі.



ПЕДОЛОГИЯ – грек сөзінен алын- 

ған,  сөзбе-сөз  аударғанда  оның  эти-

мологиясын  «пед»  (бала),  «логия» 

(ілім-білім),  яғни  бала  туралы  білім 

деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни  ол 

психология,  педагогика,  физиоло-

гия, биология, медицина, әлеуметтік 

ғылымдардың  жиынтығынан  туын- 

дайтын білім саласы. ХІХ ғасырдың 

аяғы мен ХХ ғасырдың басында қа- 

лыптаса  бастаған  бала  туралы  ғы- 

лымның үлкен бір саласы. Оның не-

гізін салған Америка ғалымы, психо-

лог Стендли Холл (1846-1924).

Оның  пайда  болуы  эксперимент-

тік  педагогика  мен  психологияның 

қолданбалы  салаларының  дамуы 

мен ғылым әлеміндегі эволюциялық 

идеяның  өріс  алуына  байланысты 

еді. Педологиялық зерттеулер батыс 

елдерінде Дж.Болдуин, Мейман, Ре-

сейде  В.М.Бехтерев,  Г.И.Россолимо, 

А.П.Нечаев  есімдерімен  тығыз  бай-

ланысты. Педологияға алғаш рет әділ 

бағасын  берген  белгілі  орыс  психо- 

логы, академик В.М.Бехтерев болды.

Ол  1903  жылы  Санкт-Петербургтегі 

Әскери  академияда  жүйке  қызметі, 

жан аурулары кафедрасын ұйымдас- 

тырып, академик И.П.Павловтың шарт-

ты рефлекстер теориясымен үндесе- 

тін  «Қосарланған  рефлекс»  дейтін 

ілімнің іргесін қалайды. Ғалым 1908 

жылы  өзі  ұйымдастырған  психо- 

неврологиялық ғылыми-зерттеу инс- 

титутының  жанынан  шағын  педо- 

логиялық ғылыми-зерттеу мекемесін 

ашады.  Мұнда  бала  психикасының 

жалпы  дамуы  мен  қалыптасуын  ке- 

шенді  зерттеу  мақсатында  білікті 

тәрбиешілерді  іріктеп,  оларды  зерт-

теуге  қажетті  құрал-жабдықтармен 

қамтамасыз етіп, баланың туған күні- 

нен бастап (бала туғаннан кейін 7-10 

күнде  осы  мекемеге  қабылданған), 

зерттеуге алынатын болған. Ол есей- 

генге  дейін  осы  мекеменің  қамқор- 

лығында болып, физиологиялық, ана- 

томиялық,  психологиялық  тұрғыдан 

зерттеуге  алынған.  Мұнда  баланың 

жандүниесі,  оның  физиологиялық, 

анатомиялық өсуімен қосарлана зерт- 

телінген. Бұл бір кездегі К.Д.Ушин- 

скийдің  «Адам  –  тәрбиенің  нысана-

сы» деген еңбегінде адамды туғаннан 

бастап, жан-жақты танып-білу үшін, 

оны  жан-жақты  зерттеу  керек  деген 

ойының  жалғасы  болып  табылады. 

Бала жанын жан-жақты зерттеу – пе- 

дологияның ерекше көңіл бөлген мә- 

селесі  болды.  Сөйтіп,  В.М.Бехтерев 

ғылым тарихында педологияның зерт- 

теу  лабораториясын  ашқан  бірінші 

орыс ғалымы болды. Кейіннен мұн- 

дай орталықтар мен бірнеше зерттеу 

орындары  Брюссельде  (1913),  сон-

дай-ақ Еуропа мен Америкада пайда 

болды. В.М.Бехтеревтің «Тәрбие мен 

даму  баланы  зерттеудің  ең  негізгі 

кредосы» дейтін идеясын 1950 жыл- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   611   612   613   614   615   616   617   618   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет