Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет616/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПЕДО

ПЕДО


437

дары оның шәкірті Б.Г.Ананьев «Ба- 

ланың антропологиялық психология-

сы» тұрғысынан зерттеді.

В.М.Бехтеревтің  бастауымен  1907 

жылы  педологиялық  институттың 

Жарғысы  жасалды.  Мұнда  баланы 

ұзақ  уақыт  бойына  бақылау,  анасы- 

мен  қоса  жан-жақты  қамқорлыққа 

алу мәселесі қатты ескерілді. Жарғы- 

да сондай-ақ, институттағы бала тәр- 

биесі, үйде ата-анасы тарапынан бе- 

рілетін әлпештеу, аймалау, жүрек жы-

луынан кем болмауы тиіс деген қағи- 

да орын алды. Институтта үш бөлім 

(психология,  гигиена  мен  физиоло-

гия, педагогика) болды. Мұндағы ғы- 

лыми қызметкерлер бірлесіп, жас өс- 

кінді  жан-жақты  тәрбиелеуде,  яғни 

В.А.Сухомлинский  айтқандай,  «Ба- 

лаға жүрек жылуы» дейтін гуманис- 

тік идеяны басшылыққа алды. БК(б)П 

Орталық Комитетінің 1936 жылғы Үш 

тілдегі «Наркомпростар жүйесіндегі 

педологиялық бұрмалаушылықтар ту-

ралы» қаулысынан кейін, педологияға 

дұрыс көзқарас болмады. Сол кездегі 

тоталитарлық режим ғылым саласына 

да өзінің өктемдігін жүргізетін. Осы 

қаулының педологияға қиянат жаса- 

ғаны,  оның  ақ-қарасын  айырмағаны 

қазіргі кезде белгілі болып отыр.

Қайта мұның теоретиктері мен прак-

тиктері қуғын-сүргінге ұшырады. Осы 

қаулының зардабы психологтарға да 

қолайсыз әсер етті, оның «Бала және 

педагогикалық  психология»  дейтін 

салаларының дамуына тұсау салын-

ды. Өйткені педологтар өзгермейтін 

орта мен тұқымқуалаушылық дейтін 

ғылыми  тұрғыдан  қате  ұстанымды 

басшылыққа алған болатын. Педоло- 

гияға оң көзқарас тек соңғы жылда- 

ры,  яғни  ғылымда  демократиялық 

принцип  қалпына  келгеннен  кейін 

ғана  қайтадан  өріс  ала  бастады.  Ға- 

лымдар  (психологтар,  физиологтар) 

педологияның  теориялық  қисында- 

рының  әлсіздігін  мойындай  отыра, 

оның  практикалық  зерттеу  әдістері- 

нің  маңызын  жоққа  шығармайды. 

Әсіресе,  педологияның  қиын  бала-

ларды тәрбиелеу туралы түйіндерінің, 

оларды тест арқылы зерттеу әдістері- 

нің құндылығын мойындайды.

Академик  В.П.Зинченко  педология- 

ның  ғылыми  концепциясында  бала 

тұлғасын зерттеуде төмендегі 4 прин- 

ципті  басшылыққа  алғандығын  бы- 

лайша тұжырымдайды:

1)  баланы  бір  ғана  психологияның 

көмегімен жан-жақты зерттеуге бол- 

майды,  оны  гигиеналық,  физиоло- 

гиялық, антропометриялық, басқа да 

әлеуметтік ғылымдармен бірлесе зерт-

теу қажет. Бұл генетикалық принцип 

деп аталады;

2)  Баланы  үнемі  даму  үстінде  зерт- 

теу қажет;

3) Оны әлеуметтік ортамен байланыс- 

тыра зерттеу (Л.С.Выготскийдің қо- 

ғамдық-тарихи теориясына сәйкес);

4) Баланы іс-әрекет үстінде зерттеу.

В.М.Зинченконың  осынау  пікірле- 

рін  М.В.Ломоносов  атындағы  Мәс- 

кеу  университетіндегі  психология 

кафедрасының  профессоры,  акаде- 

мик  А.Г.Асмолов  қолдап,  «Педоло- 

гия»  журналын  шығарды.  Бұл  ай- 

тылғандар  Орталық  Партия  комите- 

тінің  жоғарыда  аталған  қаулысынан 

зардап  шеккен  педологияны  қайта- 

дан  өмірге  келтірудің  бір  көрінісі. 

Бұл  жайт  Қазақстандағы  тәлім-тәр- 

бие  ғылымдары  саласында  зерттеу 

жүргізіп жүрген оқымыстылардың да 

есінде болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет