Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет614/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПӘТУ

ПЕДА


435

нәтижелерін болжай білу), суггестив-



тік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жі-

герлік иландырушылық ықпалы, нық 

айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер 

нәтижесіне  жете  білу  қабілеті),  экс- 



прессивтік (мұғалімнің өзінің білімі 

мен  сенімдерін  эмоциямен  әсерлі 

етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, 

дауыс  ырғағы,  ым-ишара,  оңтайлы- 

лық элементтерін жетік меңгеруі).

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ПСИХОЛО-

ГИЯ – білім беру мен тәрбиелеудің 

психологиялық негіздерін зерттейтін 

жас  ерекшелігі  психологиясымен 

тығыз байланысты сала, өйткені білім 

беру мен тәрбиелеудің психологиялық 

заңдылықтарын  оқитындардың  жас 

шамасы  және  даралық  ерекшелік-

терін  ескермейінше,  дамыту  мүмкін 

емес.  П.п.  саласындағы  зерттеулер 

білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мәнін 

дұрыс  түсінуге,  оқулықтар  мен  оқу 

құралдарына қойылатын әртүрлі та-

лаптарды  анықтауға,  оқушылардың 

ақыл-ой  әрекеті  мен  мінез-құлқын 

басқара  отырып,  олардың  дамуын 

қамтамасыз  ететін  білім  беру  және 

тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып 

негіздеуге мүмкіндік береді. П.п. пе- 

дагогтар мен оқушылардың арасын- 

дағы өзара қатынас мәселелерін, пе- 

дагогтың жеке басына қойылатын та- 

лаптарды  зерттейді,  педагогикалық 

қабілеттер  мазмұны  мен  қалыптасу 

үрдісін  ашады.  Сонымен  қатар  оқу- 

шылар ұжымындағы өзара қатынас- 

тармен, олардың психологиялық да- 

ралық  ерекшеліктерімен  санасып 

отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді.

Оқу-тәрбие жұмыстарын және бала- 

лардың  психологиялық  ерекшелік-

терін қарастырып, бірқалыпты даму 

заңдылықтарынан  ауытқыған  бала- 

лармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргі- 

зу  әдіс-тәсілдерінің  психологиясын 

зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдар- 

мен  жұмыс  істеудің  ерекшеліктері- 

мен және оларды қалай оқыту мәсе- 

лелерімен де шұғылданады.

Тәлім-тәрбие  психологиясының  ке- 

лесі тармақтары бар: 1) Оқыту психо- 

логиясы  –  дидактикалық  психоло- 

гиялық  негіздерін,  оқыту  мен  білім 

берудің  жекелеген  әдістеме  мәселе- 

лерің бағдарлап оқыту мен балалар- 

дың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге 

де мәселелермен айналысады. 2) Тәр- 

бие психологиясы – гуманистік және 

әлеуметтік тәрбие мәселелерінін пси- 

хологиясын зерттеп, оқушылар ұжы- 

мының,  еңбекпен  түзету  педагоги- 

касының  психологиялық  негіздері-

не  қатысты  мәселелерді  іздестіреді. 

Бұлардан басқа мұғалімдер психоло-

гиясы, кемтар балаларды (ересектер- 

ді  де)  оқытып  тәрбиелеу  мәселеле- 

рін қамтиды. П.п. – балаларды оқыту 

мен тәрбиелеу мәселелері туралы бі- 

лімдерді  қарастыратын,  сондай-ақ 

мұғалімдердің,  тәрбиешілердің,  ата- 

аналардың,  педагогикалық  топтар 

мен  ұжымдардың  іс-әрекетінің  пси- 

хологиялық  негіздерін  зерттейтін 

психология ғылымының саласы. П.п. 

терминін орыс педагогі П.Ф. Капте- 

рев  (1849-1922)  енгізді.  П.п.  қалып- 

тасуына  XIX  ғ.  ортасындағы  сарап-

тау психологиясы тікелей ықпал етті 

П.п.  педагогика  мен  балалар  психо- 

логиясымен, дифференциалдық пси-

хологиямен тығыз байланысты. П.п. 

құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәр- 

бие психологиясы, оқыту психология-

сы, мұғалім психологиясы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет