443
ды, оны ойланбай-ақ психикалық
күйді реттейтін түрткіге айналдыру-
ға болады.
ПСИХИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ – пси-
хикалық аппарат пен психикалық
көріністің негізін өлшеуге лайықты
энергия түрі. П.э. туралы алғаш сөз
қозғаған З.Фрейд оны либидолық
және агрессиялық деп екі түрге бөлді.
Либидолық және агрессиялық энер-
гия бір-бірімен араласқанда энергия-
ның бейтарап күйі қалыптасатынын
ескертті. Аналитикалық жұмыстар
психикалық энергияның кейде жік-
гелмеген бейтарап күйде болатынын,
кейде көңіл күй толқуында, елігуін-
де өлшенуге лайық энергияның бас-
тапқы жіктелмеген күйі кезігетінін
айқындады. Адамның ойы, елігуі,
бейнесі психикалық энергиямен әр-
түрлі дәрежеде байланысты, яғни
катексистік күйде болатыны дәлел-
денді. Катексисте П.э. бірде құбыл-
малы, бірде бейтарап күйде көрі-
ніс табады да, көңіл жайын бір ықы-
ласқа шоғырландырады не одан
ығыстырады. П.э. қызметіне қарай
мотивациялық, қозғаушы себепке
жарарлық және қолданбалы құрал-
дық түрлерге бөлінеді.
ПСИХОАНАЛИз. Псхологиядағы
бағыттың негізін салған, оның тео-
риясы мен қолданбалы мәселелерін
түгел ұсынған австриялық психиатр
және психолог Зигмунд Фрейд. Пси-
хоталдау бағыты өкілдерінің бахеви-
ористерден, гештальтпсихологтардан
айырмашылығы психологияда ғылы-
ми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл
және жаратылыстану ғылымдарына
бағдарланған жоқ, ал олар тоқырау-
дан шығудың жолын медицина және
психологияның өз шеңберінде табуға
ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада – адам
туралы психологиялық білімді жа-
ңа өмір шындығымен толтыруға,
практикалық психологиялық, ең ал-
дымен психотерапевтік міндеттерді
шешу үшін пайдалы теорияны құру-
ға және ақпаратты қабылдауға ұм-
тылды.
Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін
психотерапевтік тәжірибені талдау-
дан және жинақтаудан бастауы кез-
дейсоқ емес, содан кейін жинақтаған
тәжірибені психологиялық теорияға
айналдырды.
Фрейдизм негізгі ұғымдарына «сана»
және «санасыздық» немесе «бейса-
на» жатады. Психоталдау ілімінің
болашақ тағдыры және оған көзқарас
әр түрлі елдерде түрліше қалыптасты.
Алғашында Фрейдтің ең жақын шә-
кірттері мен ізбасарлары және пси-
хиатор-дәрігерлердің кейбіреулері-
нен басқалары оған өте салқын қа-
тынаста болды. Кейіннен психоталдау
бағытын жақтаушылар Германия мен
Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні
бүгінге дейін кеңінен таралды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылда-
рында кеңес психолог-ғалымдары
оған қызығушылық танытты. Сол
кезде үстемдік еткен субьективтік
идеалистік психология бұл ілімнен
материалистік балалықтың бірден-бір
мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-
жылдары, психологиялық зерттеулер-
ді шектеумен бірге («Халық ағарту
комиссариаты жүйесінде педология-
лық бұрмалаушылықтар туралы»
белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі
қатты сынға алынды. Осы қаулыдан
Достарыңызбен бөлісу: