Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет628/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


444

кейін  біздің  елімізде  Фрейдтің  ең- 

бектерін аударуға және баспа бетінде 

жариялауға  тыйым  салынды.  Соңғы 

жылдары  әлемде  кеңінен  таралған 

Фрейдтің психологиялық іліміне қы- 

зығушылық қайтадан өсіп отыр.

XX  ғасырда  психологтардың  ішінде 

Австрия  дәрігері  Зигмунд  Фрейдке 

ерекше  орын  берілді.  Оның  негізгі 

еңбегі  «Түс  көруді  талқылау»  1900 

жылы жарық көрді. Сол кезден бас-

тап, психологияда бір-бірін әр түрлі 

ғылыми  беделді  тұлғалар  ауыстыр- 

ды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгін- 

ге дейін Фрейд және оның ілімі сияқ- 

ты ынта туғызған емес.

Адам мінез-құлқының басты реттеу- 

шісі  сана  екендігі  белгілі.  Зигмунд 

Фрейд (1856-1939) – австрия невро-

патологі, психиатры және психологі, 

психоталдау  бағытының  негізін  са-

лушы.  Фрейдизмнің  концепция  ре- 

тінде қалыптасуы XX ғасырдың бас 

кезіне  жатады.  Психоталдау  бірінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  20- 

жылдары кең өріс алды. Жеке тұлға- 

ның  құрылымында  Фрейд  санасыз- 

дыққа ерекше көңіл бөлді және зерт-

теу  нысанына  айналдырды.  Оның 

айтуынша, ауру адамдар өз іс-әреке- 

тінің түрткілерін түсіндіре алмайды: 

Фрейд  негізін  салған  психоталдау 

әдісі  санасыздықты  зерттеу  үшін 

психикалық  ауру  адамдарды  емдеу 

мақсатында қолданылады.

Фрейд  тек  ауру  адамдардың  ғана 

емес, дені сау адамдардың көңіл кү- 

йі мен мінез-құлқын түсіндіретін тео- 

рияны  негіздеді.  Бұл  теория  Батыс 

елдерінде кеңінен тарады, үлкен бе- 

делге ие болды. Фрейд теориясы көп- 

теген  шет  елдерде  психология,  пси- 

хотерапия,  психиатрия  оқулықтары- 

на  берік  енген.  Фрейдизм  бағыты 

адам туралы басқа ғылымдарға – со- 

циологияға,  педагогикаға,  антропо- 

логияға,  этнографияға,  сонымен  қа- 

тар  өнер  мен  әдебиетке  ерекше  ық- 

пал етті.

Фрейдтің  еңбектерінде  күрделі  пси- 

хологиялық  проблема  ретінде  адам- 

ның  сексуалдық  өмірі  туралы  мәсе- 

ле  қойылды.  Фрейдтің  түсіндіруін- 

ше,  жас  жеткіншек  балалардың  әр 

түрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейім- 

ділігі оларды жыныстық инстинктер- 

дің билеуінен деп түсіндіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет