ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ ПСИХО-
ПРОФИЛАКТИКА – медициналық
психологаяның салалары, жүйке пси-
хикалық және психосоматикалық ау-
рулардың алдын алу, сондай-ақ пси-
хожарақаттық шұғыл реакцияларды
жеңілдету мақсатында, іс жүзінде сау
адамдарға мамандандырылған көмек
көрсету міндетін атқарады. Психоги-
гиена және психопрофилактиканың
әдістеріне консультациялық орта-
лықтар, сенім телефондары және сау
адамдарға психологиялық көмек
көрсетуге бағдарланған басқа да
ұйымдардың шеңберінде жүргізі-
летін психокоррекциялық жұмыс-
тары, тәуекел топтары деп аталатын-
дарды анықтау және олармен про-
филактикалық жұмыс жүргізу мақ-
сатындағы жаппай қараулар, тұр-
ғындарға ақпарат беру және т.б.
қамтылады. Қазіргі уақыттағы пси-
хогигиена мен психопрофилактика-
ның арнайы міндеттері – отбасылық,
оқулық және өндірістік сипаттағы
дағдарысты жағдайларда адамдарға
көмек көрсету, жаңа отау болған жә-
не ажырасуға бет алған отбасылар-
мен жұмыс жүргізу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |