РЕФЛЕКСТІК ШЕҢБЕР – ми және
дене бөліктеріне (жұмыс атқаратын
органдарға жәй хабар жеткізіп қана
қоюмен шектелмейді), ол өзінің
жолдаған хабарынан мағлұмат алып
та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ор-
тадан мүлде қол үзген болар еді де,
организмдегі түрлі тітіркендіргіш-
терге ретімен жауап беріп отыру
қиынға соғар еді. Тек екі жақтан ха-
барлаудың арқасында ғана ми айна-
ладағы құбылыстар туралы дұрыс
мәлімет алып, нақтылы мұқтажын
өтеуге өз әрекетін бағыттай алады.
Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің
жасалу дәстүрі үш мүшелі доға прин-
ципіне шектелмейтіндігі, яғни реф-
лекс қызметі жұмыс органына келу-
мен бітпей, ол сонымен бірге миға
қайтадан хабар жеткізіп отыратын-
дығы белгілі болып отыр. Киберне-
тика ғылымы жарыққа шықпастан
көп бұрын совет физиологы П.А. Ано-
хин ұсынған осы теория (1935) реф-
лекс туралы ілімнің творчестволық-
пен дамытылуының айғағы еді. Сөй-
тіп физиолог Н.А. Бернштейн айт-
қандай, қазір рефлекстердің жасалу
жолын доғамен белгілемей, «рефлекс
шеңбері» арқылы жасалатындығын
мойындау бірден-бір ғылыми түсінік
болып отыр.
РЕФЛЕКСИЯ (лат. reslexio – кейінге
оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ та-
ным актісін зерттеуді білдіретін тер-
мин. Әртүрлі филос. жүйеде Р.-ның
мазмұны бірдей емес. Локтың ойын-
ша, түйсік сыртқы заттармен тікелей
ұштасады, ал бақылау сананың ішкі
іс-әрекеттеріне бағытталғанда Р.
ерекше білімнің бастамасы болмақ.
Лейбниц үшін, Р. – адамның жан дү-
ниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп,
елеушілік, Юмнің ұйғарымынша,
идеялар – сырттан қабылдайтын
әсерлерді Р.-лау. Гегель үшін, Р. –
екі түрлі нәрсенің мысалы, мән мен
құбылыстың өзара бейнеленуі. «Реф-
Достарыңызбен бөлісу: |