Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет672/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

РЕФЛ

РЕФЛ


471

жарыққа  шықпастан  көп  бұрын  со- 

вет физиологы П.Қ.Анохин ұсынған 

осы  теория  (1935)  рефлекс  туралы 

ілімнің  шығармашылықпен  дамы- 

тылуының айғағы еді. Сөйтіп физио- 

лог Н.А.Бернштейн айтқандай, қазір 

рефлекстердің  жасалу  жолын  доға- 

мен  белгілемей  «рефлекс  шеңбері» 

арқылы  жасалатындығын  мойындау 

бірден-бір  ғылыми  түсінік  болып 

отыр.


Рефлекс  туралы  теорияның  негізгі 

қағидаларын  нағыз  ғылыми  тұрғы- 

дан тұжырымдаған атақты орыс фи- 

зиологы И.М.Сеченов болды. Ол өзі- 

нің 1883 жылы жазған «Ми рефлекс- 

тері»  деген  еңбегінде  психикалық 

құбылыстардың  табиғатын  рефлекс 

тұрғысынан  түсіндірді.  Сеченовтің 

отандық ғылым алдыңдағы баға жет- 

пес  еңбегі  мынада:  ол  рефлекстік 

теорияның  негізінде  ғасырлар  бойы 

жұмбақ  болып  келген  психикалық 

құбылысты  материалистік  тұрғыдан 

алғаш  рет  шешті.  И.М.Сеченов  мы- 

надай  қарапайым  тәжірибе  жасады: 

құрбақаның  үлкен  ми  сыңарларын 

аралық,  мидың  тұсынан  тіліп  алып 

тастап,  оның  аяғын  қышқыл  ері- 

тіндісімен  тітіркендірді,  ол  осы  ті- 

тіркендіруге  жауап  ретінде  келетін 

рефлекстің  қандай  жылдамдықпен 

пайда болатынын бақылады. И.М.Се- 

ченов  мидың  тілінген  жеріне  ас  тұ- 

зының  кристалын  салғанда  онда 

рефлекстің  тежелуге  ұшырағанын 

көрген.  Бұл  тәжірибе  рефлексті  ми- 

дың тежей алатындығын айқын көр- 

сеткен И.М.Сеченовтің ми қабығын- 

да қозу мен қатар тежелу процесі де 

қоса  қызмет  атқарады  деген  пікірі 

психикалық әрекеттің мидың күрде- 

лі жұмысына байланысты екендігін, 

оның барлық көріністерінің негізінде 

қозу мен тежелуге байланысты пай- 

да  болатын  рефлекстер  жататынды- 

ғын тамаша дәлелдеп берді.

И.М.Сеченовтің ми қызметінің реф- 

лекстік  механизмі  туралы  идеялары 

И.П.Павловтың  шартты  рефлекстер 

туралы ілімінде (бұл ілім жоғары жүй- 

ке қызметі туралы ілім деп те атала- 

ды) дамытыла түсті. И.П.Павлов өзінің 

көптеген  шәкірттерімен  бірге  отыз 

бес жыл бойына рефлекстердің жаңа 

түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. 

Олардың  көптеген  заңдылықтарын 

ашты, шартты рефлекстердік шартсыз 

рефлекстерден  ерекшеліктерін  қар- 

сетті.  И.П.Павлов  ашқан  шартты 

рефлекстердің ерекшеліктерін келесі 

беттегі таблицадан көруге болады:

Жоғарыдағы  кестеден  осы  екі  түрлі 

рефлекстің бір-бірінен қандай айыр- 

машылықтары бар екенін жақсы аң- 

ғаруға болады. Мәселен, мұнда шарт- 

ты рефлекстердің үнемі өзгеріп оты- 

ратындығы,  егер  оларды  туғызған 

жағдайлар  қайталанбайтын  болса, 

осындай  рефлекстердің  жойылып 

кететіндігі айтылған.

Рефлекстің осы екі түрінің арасында 

мүлде  байланыс  жоқ  деуге  болмай- 

ды.  И.П.Павлов  шартты  рефлекстер 

сыртқы  жағдайлардық  әсеріне  бе- 

йімделуіее  қарай  шартсыз  рефлекс- 

терге  ауысып  отыратындығын,  сөй- 

тіп бұл екеуінің арасында өзара бай- 

ланыстың барлығын талай рет айтқан 

болатын.

И.П.Павлов  лабораториясында  жүр- 

гізілген тажірибенің қысқаша мазмұ- 

ны мына төмендегідей: егер итке бір 

мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – 

бірі шартсыз рефлексті туғызатын – 

тамақ,  екіншісі  өздігінен  жануарда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет