474
ұйымдастырды. Ол жалпы, әлеумет-
тік, тарихи психологиядан көптеген
теориялық еңбектердің авторы. Не-
гізгі еңбектері: «Жалпы психология
негіздері» (1940), «Болмыс және сана»
(1957 ), «Ойлау және оның дамуы
туралы» (1958), «Психологияның даму
жолдары мен принциптері» (1959)
т.б.
РУХ – ой мен сананың шоқтығы,
адамның психикалық белсенділігінің
көрінісі, адамның сана-сезімі мен
қимыл-әрекетінің ең жоғары деңгейі.
Р. адамның өмірі мен өзіндік құн-
дылығын субъективті тұрғыдан са-
лыстыруға, бағалауға мүмкіндік бе-
реді. Рух санамен, жанмен үйлесе ке-
ліп, адамның танымға деген қажет-
тілігін, өмірге деген құмарлығын
арттырады. Рухы жоғары адам ты-
ныс-тіршіліктегі қиыншылықтармен
тұйықталып қалмай, өзгенің адам-
гершілігін құрметтеп, оған ілтипат-
пен қарап, көмектесуге бейім тұра-
ды. Ол жағымды істен қанағат таба-
ды. Рухты, рухани қабілетті қалып-
тастыру – тәрбиенің түбегейлі мақса-
ты. Халық рухы – халықтық психоло-
гия ұғымының синонимі, әр ұлттың
өзіне тән психологиялық ерекшелі-
гі, олардың психологиялық ерекше-
ліктерінің жиынтығы. Халықтық
психология – ұлттық психика мен
мінез-құлықтың халықтың санасына
«сіңген» ерекшелігі, қарапайым пси-
хологиялық білімдердің жүйесі. Ха-
лық рухы мәселесі қазақ топырағын-
да алғаш рет Ш. Уәлиханов еңбек-
терінде көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: