САЛЫСТЫРУ – ойлаудың логика-
лық тәсілдерінің бірі. Адамның ой-
лауы әрқашан талдаудан және син-
тезден басталады. Ойлау – түйсік пен
қабылдаудағы талдау мен синтездің
жаңа мазмұнға ие болған түрі. Тал-
дау дегеніміз – ой арқылы түрлі зат-
тар мен құбылыстардың мәнді жақ-
тарын жеке бөлшектерге бөлу. Син-
тезде ой арқылы заттың, құбылыс-
тың барлық элементтері біріктіріле-
ді. Талдау мен синтез бірімен-бірі
тығыз байланысты құбылыстар. Осы-
лардың негізінде салыстыру деп ата-
латын ой операциясы пайда болады.
Салыстыруда заттардың ұқсастығы,
айырмашылығы айқындалады. Зат-
тарды, бейнелерді, ұғымдарды са-
лыстыру тұрғысындағы тапсырма-
лар ойлаудың дамуы мен оның кі-
нәраттарын психологиялық зерттеу-
лерде кеңінен қолданылады. Са-
лыстыруда адамның нені негіз етіп
алатыны, бір объектіден екіншісіне
өтудің жеңілділігі және т.б. жағдай-
лар талданады.
Достарыңызбен бөлісу: |