Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет691/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   687   688   689   690   691   692   693   694   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

САНГ

САЙФ


483

пен  өтірік,  күншілдік  пен  бақастық 

(«Жарғанат жарықты сүймейді, күн- 

шіл  ғылымды  сүймейді»),  ақылды- 

лық пен білімділік, т. б. мәселелер сөз 

болады.


САРАҢДЫҚ – адам мінезінің нашар 

қасиеттерінің бірі. Әркез де өмір сүр- 

ген ұлы ғұламалар мұндай жиреніш- 

ті – қаттылық, қараулық, қарабайлық 

сияқты  әдеттерден  жұртшылықты, 

әсіресе  жасөспірімді  сақтандырып 

отырған. Мәселен, өзбек ойшылы Әлі- 

шер  Науаи:  сараң  –  пайғамбардың 

жиені  болса  да,  пейішке  бармайды 

десе, түркістандық Ахмет Жүйнеки: 

«Сараң дүниенің малын жиса да той- 

майды» – дейді. «Диван лұғат ат тү- 

ріктің авторы Махмұд Қашғари мұн- 

дайларды «Өзі жемей мал жиып са- 

раң  болады,  содан  күні  қараң  бола- 

ды», – деп келемеждеген.

Орыстың  ұлы  жазушысы  А.С.Пуш- 

кин  «Сараң  сері»  драмасында  Аль- 

берттің  образы  арқылы  құлқынын 

ақша  тескен  адамның  психология- 

сын шебер көрсеткен («Е, менің әкем 

үшін ақша... бас перінің қожасы, ол 

иттің  суық  жатағында  тұрады,  ке- 

регі  оның  қара  су  мен  кепкен  нан, 

көз ілмейді түн бойы, жүгірді арсыл-

дап,  ал  алтыны  жатыр  сандығында 

мызғымай»).  С.  пайдакүнемдіктен 

туындайды. Пайда қуған адам шын-

шыл да, принципшіл де, батыл да, өз 

парызына адал да бола алмайды.

Қазіргі  кезде  сыбайлас  жемқорлық- 

пен «табыс» табуға әдеттенген адам- 

дар  көбейе  бастады.  Бұлар  шынту- 

айтқа  келгенде  адамға  тән  аяулы 

сезімдерден,  өз  халқына,  Отанға 

деген  сүйіспеншіліктен,  ізгілік  пен 

имандылықтан,  жан  тазалығынан 

жұрдай адамдар.

«Тәрбие бесіктен басталады»  деген-

дей,  әр  ата-ана  өз  ұрпағына  мұндай 

жаман қасиетті дарытпау жағын ба-

ласы  жарық  дүниеге  келгеннен  бас- 

тап ойластыруы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   687   688   689   690   691   692   693   694   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет