САНАНЫҢ БҮЛІНУІ – орталық
жүйке жүйесінің зақымдалуынан
туындайтын психикалық ауру. Адам-
ның миы әртүрлі жағдайларға бай-
ланысты ауруға шалдығуы мүмкін.
Ми зақымдалған кезде оның жоғары
жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды.
Адамның қабылдауы, ойлауы, көз-
деген әрекеті бұзылады. Балаларда
С.б. әртүрлі кезеңде орталық жүйке
жүйесінің зақымдалуынан болады.
Біреуінде зақымдану құрсақта жат-
қан кезде болса, енді біреуінде ту-
ғаннан кейін 3 жасқа дейін болады.
Процестің өзін тікелей миға әсер ет-
кен дәл осы кезеңде оның зақымда-
нуын органикалық зақымдану, ал
балалардың өздерін олигофренопе-
дагогикада олигофрендер деп атайды.
Санасына зақым келген, санасы бү-
лінген балалардың психикасын пси-
хологияның арнайы саласы – дефек-
тология ғылымы қарастырады. Ба-
лалардың орталық жүйке жүйесінің
бұзылуы әртүрлі себептерге (әйел-
дердің жүкті кезде жарақаттануы,
анасының немесе баласының жұқ-
палы аурулармен ауыруы, анасының
теріс резус-факторы, зат алмасудың
бұзылуы және т.б.) байланысты бола-
ды. Ал мидың зақымдануынаң жоға-
ры жүйке жүйесінңи қызметі қатты
бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық
процестердің дамуы бұзылады. Кей-
де 3 жастан кейін де баланың санасы
бүлінуі мүмкін. Оған әртүрлі жа-
рақаттар, мидың қабынуы, психика-
лық аурулар және т.б. себеп болады.
Бұдан балалардың бүкіл психика-
лық процестері – ойлау, сөйлеу, есте
сақтау, қабылдау және т.б. қабілет-
терінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы
кем мектеп оқушыларындағы басты
белгі және психикалық ерекшелік –
ойлау процестерінің жетілмеуі (атап
айтқанда, ой қорытындылаудың, тал-
дап жинақтаудың нашарлығы) бо-
лып табылады. Мұның бәрі сананың
бүлінуінен болады.
САНДЫРАҚ – ойлаудың бұзылуы,
мағынасыздық, шынайылыққа және
ойша пайымдауға сәйкес келмейтін,
сонымен бірге субъектіге қате пікір
екенін түсіндіруге мүмкін болмайты-
нын білдіретін түсінік. С. көптеген
психикалық аурулардың белгісі, яғ-
ни оның мазмұны әртүрлі болуы
мүмкін; қуғынға ұшырау, улану,
қызғаншақтық, маңыздылық т.с.с.
С.-тың екі түрі бар: біріншісі, ког-
нитивтік (танымдық) сфераның
бұзылғанында – ауру өзінің ауытқы-
ған сандырақтарын субъективті дә-
лелдеулерін «логикалық» жолмен бе-
кітеді, екіншісі, сенсорлық сфераның
бұзылғанында – аурудың кейбір си-
паты, қиял мен фантазия басым бо-
луымен өтеді. Кейбір жағдайларда
Достарыңызбен бөлісу: |