Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет694/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   690   691   692   693   694   695   696   697   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

САРА

САУА


484

орталық  міндетімен  логикалық  тұр- 

ғыдан  байланысты  сұрақтар  жина- 

ғы. С. құрастыру – зерттеудің негізгі 

болжамдарын  сұрақтар  тіліне  көші- 

ру – күрделі әрі көп еңбек жұмсала- 

тын процесс. С. сұралушыға қатысты 

шыншыл  және  проблемаға  қатысты 

мәнді  мазмұн  алынуын  қамтамасыз 

етуге тиіс. Ғылыми тұрғыдан бағалы 

С. құрастыру әдетте, ұжымдық еңбек. 

С.  жасаудағы  бірінші  кезең  –  оның 

мазмұнын анықтау. Ол сұралушының 

өмірлік  қарекетінің  фактілері  (білі- 

мі,  азаматтың  халі,  өткеңдегі  және 

қазіргі қарекеттері және т.б.) туралы 

немесе  оның  түрткі-себептері,  ба- 

ғамдауы, қатынасы туралы сұрақтар 

тобы болуы мүмкін. Егер пікірдің өзі- 

не  қоса  оның  қарқындылығын  білу 

қажет  болса,  сұрақтың  тұжырымда- 

луына  тиісінше  бағамдау  шкаласын 

қосады.

С.  құрастырудағы  екінші  кезең  сұ- 

рақтардың  қажет  типін  таңдау.  Сұ- 

рақтар  сұралушының  өз  жауабын 

мазмұны бойынша да, нысаны бойын-

ша да өз қалауынша құра алатындай 

ашық,  сондай-ақ  әдетте,  «жоқ»  пен 

«иә»  деген  жауап  қана  беруге  бола-

тындай жабық болуы мүмкін. Өзінің 

функциясы  бойынша  сұрақтар  не-

гізгі,  жанама,  бақылау  не  нақтылау 

және т.б. түрінде болады. Сұрақтың 

типі жауаптың толық және шыншыл 

болуына  әсер  етеді.  Сұрақтардың 

тұжырымдалуына  қатысты  сөйлем- 

дер мүмкіндігінше қысқа, мағынасы 

айқын,  дәлме-дәл  және  бір  мәндес 

болуы керек.

С. құрастыру кезіндегі неғұрлым тән 

қателер жауаптың мәнінің сұрақтың 

өзінен  туындайтыны,  шамадан  тыс 

егжей-тегжейлілік, сұрақтардың екі- 

ұштылығы,  саралаушылық  қары- 

мының  жеткіліксіздігі  болып  келе- 

ді.  Жақсы  сұрақтар  сенімділік  пен 

валидтіліктің  әдеттегі  критерийле- 

рін қанағаттандыруы тиіс. С. құрас- 

тырудағы  соңғы  кезең  берілетін  сұ- 

рақтардың  саны  мен  ретін  анықтау- 

мен  байланысты.  Сұрақтардың  ке-

зектемелілігі  сауалдама  жүргізудің 

әртүрлі типтері үшін әрқилы болады. 

Сауалнамаға  жауап  беруші  (Респон-

дент) – зерттеу жұмысына сұрақтар- 

ға  жауап  беруші  ретінде  қатысушы 

адам.  Зерттеу  сипатына  байланыс-

ты  С.ж.б.  әңгімелесуші,  емделуші, 

келімші, ақпаратшы және т.б. болуы 

ықтимал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   690   691   692   693   694   695   696   697   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет