490
на септеседі. Кейде сезімдер мен
оларға ілеспе эмоциялар олардың
объектілеріне қайшылықты қатынас
тудыруы мүмкін.
Тұлғаның қалыптасу процесіне се-
зімдер иерархиялық жүйеде ұйым-
дасады; онда бір сезімдер жетекші
орында, басқалары әлеуеттегі, жүзеге
аспайтын беталыстар болып қала
берсді. Үстем сезімдердің мазмұны
тұлғаның бағыттылығының ең ма-
ңызды сипаттамаларының бірін
анықтайды. Сезімдерді топтастыру-
дың ең көп тараған бір түрінде
олардың жекелеген түрлері өздері
көретін қарекет салалары бойынша
сараланған. Адамның әлеуметтік
болмысқа эмоциялық қатынасының
бүкіл байлығы қамтылған биік се-
зімдер айрықша топ құрайды. Адам-
гершілік сезімдер саласына адам-
ның әлеуметтік мекемелерге, мем-
лекетке, басқа адамдарға, өзіне-өзі-
нің көзқарасын айқындайтынның
бәрі жатады. Танымдық қарекет
адамда танымдық немесе ақыл-ой-
лық сезімдерін туғызады. Олардың
пәні білім алу процесінің өзі, сондай-
ақ оның нәтижесі болады; ақыл-ой
сезімдерінің шыңы адамның ақиқат-
қа деген жалпылама сүйіспеншілік
сезімі болып шығады. Биік сезім-
дердің арасында қарекетпен байла-
нысты: еңбекпен, оқумен, спортпен
байланысты практикалық сезімдер
маңызды орын алады. Пәндік маз-
мұнның жалпыламалық дәрежесі
бойынша сезімдер нақты (мысалы,
балаға, өнер туындысына қатысты
сезімдер), жалпылама (жалпы алғанда
балаларға, музыкаға деген сезімдер)
және абстрактілі (әділеттік сезімі)
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: