Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет701/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   697   698   699   700   701   702   703   704   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

СЕзІ

СЕзІ


489

отыратыны  белгілі.  Меселен,  нарық 

экономикасына  көшкенде,  жастар- 

дың сезімдерінде әртүрлі көріністер- 

ді байқаймыз.

С.  –  адамның  өзіне,  өзге  адамдар- 

ға, айналасындағы заттар мен құбы- 

лыстарға  көңіл  күйінің  қатынасын 

білдіретін және оларды бейнелейтін 

психикалық  үрдіс  екендігін  білдіре- 

тін тағы бір ерекшелігі – оның адам 

көңіл  күйіне  байланысты  әрбір  үр- 

діске белгілі бір түрде рең беріп тұ- 

ратындығы.  С.-нің  сан  алуан  көрі- 

ністері  мен  олардың  пайда  болуы 

әлеуметтік-қоғамдық  жағдайларға, 

әсіресе, материалдық, рухани-мәдени 

қажеттіліттерді  қанағаттандырудың 

мақсат-мүдделеріне  байланысты. 

С.  мен  эмоцияның  адам  іс-әрекеті 

мен  көңіл  күйіне  ұнамды  әсер  етуі 

стеникалық, – күшті сезім тудырса, 

ал  ұнамсыз  не  теріс  әсер  етуі  ас- 



теникалық  –  әлсіз,  жағымсыз  сезім 

тудырады.  Стеникалық  сезім  жүйке 

жүйесіндегі  қозуды  күшейтсе,  ас- 

теникалық  сезім  жүйкеге  тежелу 

жасап,  адамның  әрекетшілдігін  әл- 

сіретеді.  Адам  сезімінің  қайнар  бұ- 

лағы – бізді қоршаған болмыс, объек- 

тивтік  шындық.  С.  адамның  табиғи 

және  әлеуметтік  қажеттіліктерінің 

қанағаттандырылу  не  қанағаттан- 

дырылмауы  салдарынан  туындап 

отырады.


СЕзІМДІЛІК  –  адамның  айқын 

білінген заттық сипаты бар және бір- 

шама  орнықтылығымен  ерекшеле- 

нетін  эмоциялық  күйіну-сүйінулері- 

нің айрықша түрі. Қалыптасқан нақ- 

ты жағдайлардағы заттардың субъек- 

тивтік  маңызын  бейнелейтін  жағ- 

даяттық  эмоциялар  мен  аффекті- 

лерден өзгеше, сезімдер тұрақты мо- 

тивациялық  маңызы  бар  құбылыс- 

тарды  саралайды.  Тұлғаға  оның 

қажетсінулеріне сай келетін заттарды 

ашып  және  оларды  қанағаттандыру 

жөніндегі қарекетке ынталандырып, 

сезімдер  бұл  қажетсінулердің  бо- 

луының нақты – субъективтік ныса- 

ны болып табылады. С.-дің қалылта- 

суы – адамның тұлға болып дамуы- 

ның қажетті шарты.

Мінез-құлқының  түрткі-себептерін, 

мұраттарын, нормаларын білудің бір 

өзі адамның оларды басшылыққа алу 

үшін жеткіліксіз. Орнықты сезімдер 

заты болғаннан кейін ғана бұл білім- 

дер  қарекетке  нақты  түрткі  болады. 

Адам  сезімдерінің  қоғамдық  шарты 

қоғамның дамуы барысында өзгеріп 

отырады. Онтогенезде сезімдер жағ- 

даяттық  эмоциялардан  гөрі  кейін 

пайда болады; олар отбасының, мек- 

тептің,  өнердің  және  өзге  қоғамдық 

институттардың  тәрбиелік  әсерінің 

ықпалымен индивидтік сананың да- 

муына орай қалыптасады. Эмоциялық 

тәжірибені қорыту нәтижесі ретінде 

пайда  болып  қалыптасқан  сезімдер 

адамның эмоциялық саласының же- 

текші түзілімдеріне айналады да, өз 

кезегінде жағдаяттық эмоциялардың 

динамикасы мен мазмұнын анықтай 

бастайды.  Мысалы,  жақын  адамына 

деген  сүйіспеншілік  сезімінен  жағ- 

дайға  байланысты  ол  үшін  алаңдау, 

айырылып қалса қайғыру, жүздескен- 

де  қуану,  сүйген  адамы  сенімді  ақ- 

тамаса ыза болғанда дамуы мүмкін. 

Мұндай  жағдаяттық  эмоциялар  қа- 

лыптасқан  жағдайларға  қатысты  се- 

зімнің  мазмұнын  нақтылайды  да, 

белгілі  бір  әрекетке  ынталандырып, 

сезімнен  өрбіген  қарекеттің  дамуы- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   697   698   699   700   701   702   703   704   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет