Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет704/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   700   701   702   703   704   705   706   707   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

СЕзІМ  САЛАСЫНДАҒЫ  ДА- 

РА   А Й Ы Р М А Ш Ы Л Ы Қ ТА Р. 

Психикалық  эмоциялық  жақтарын- 

дағы  айырмашылықтардың  адам 

психологиясын  сипаттау  үшін  зор 



СЕзІ

СЕзІ


491

маңызы  бар.  Адамды  толық  білу 

үшін  тек  оның  қалай  ойлайтынды- 

ғын, қалай әрекет ететіндігін ғана бі- 

лу жеткіліксіз, оның қалай сезетінді- 

гін де білуіміз керек.

Адамдарды  бір-бірінен  айыратын 

оның  сезімдеріндегі  өзгешеліктер 

нендей екен?

Сезімнің  бағыттылығы.  Сезім  сала- 

сындағы  ең  басты  айырмашылық- 

тар – адам сезімдерінің қандай нәр- 

сеге бағытталғандығына, осы сезім- 

дердігі мазмұнына байланысты бола- 

ды. Лермонтов «Ой» деген өлеңінде 

былай деп жазды: «Біздің жек көруі- 

міз  де,  сүюіміз  де  кездейсоқ».  Егер 

сезімдер кездейсоқ объектілерге пар- 

шаланып,  кездейсоқ  себептерден 

пайда болса, онда олар адамның шы- 

ғармашылық  жұмысында  да,  тірші- 

лік күресінде де мықты қозғаушы күш 

бола алмайды. Қайта ондай сезімдер 

адамды өмірінің негізгі міндетін бас- 

қа жаққа аударып, таңдап алған тура 

жолынан адастырып жіберетін кедер- 

гі болуы мүмкін.

Адамның  эмоциялық  өмірін  талдай 

білу үшін, ең алдымен, оның өмірін- 

де ең үлкен роль атқаратын сезімдер- 

дің оның дүниеге көзқарасымен және 

алдына  қойған  негізгі  мақсаттары- 

мен қаншалықты байланысты екеніп 

ұғыну керек. Оның бір нәрсені жақ- 

сы  көруі  жек  көруі,  рухтануы,  қуа- 

нуы,  қамығуы  кездейсоқ  па,  жоқ 

принципиальды ма, соны білу қажет. 

Оның  сезімдері  жеке  басының  ба- 

ғытталуын көрсететін сенімінен туа 

ма немесе олар осы минуттағы әсер- 

лерден туа ма, осыларды жақсы ұғы- 

ну керек.

Мәселен,  өшпенділік  сезімі  бағыт- 

талған  нәрсесіне  қарай  жоғары  не- 

месе төмен болуы мүмкін. Отан жау- 

ларына  деген  өшпенділік  –  адамды 

ерлікке рухтандыратын және батыр- 

лықты  тудыратын  ең  жоғарғы  се- 

зімі.  Жарыста  өзінен  озып  кеткен 

адамды жек көріп, оны күндеу сезі- 

мі  –  бұл  ұсақтық,  төмен  сезімдер 

өсек  туғызады,  жаман  қылықтар  іс- 

теуге бастайды.

Сезімнің  тереңдігі.  Адамның  эмо- 

циялық  өмірін  сыпаттауда  оның  се- 

зімдерінің  тереңдігі  зор  орын  ала- 

ды. Терең сезім деп әр адамның тір- 

шілігінің ең маңызды жақтарын қоз- 

ғайтын  сезімді  айтады;  ол  адамның 

ойы,  талаптары,  тілектерімен  жан-

жақты  байланысты  болып,  барлық 

рухани тұрмысына әсерін тигізеді.

Тез өтетін және сыртқы көрінуі ашық 

күшті  сезімдердің,  барлығы  бірдей 

терең сезім бола бермейді. Әуестену 

күшті  сезім  болғанымен,  терең  се- 

зім  емес.  Шын  сүйіспеншіліктің 

әуестенуден өзгешелігі – ең алдымен 

оның  тереңдігінде.  Аффектілердің 

барлығы  күшті  сезімдерге  жатады, 

бірақ  олардың  көпшілігі  тіпті  терең 

болмайды. Ызаның қызу сыртқа шы- 

ғуы күшті және тайыз сезім болады. 

Адамның сенімінен туатын және оның 

өмірлік  күресінің  жолын  айқындай- 

тын принципиальды жек көру терең 

сезім болады.

Сезімнің  тереңдігі  көңіл күйдің қы- 

зу, тез болуымен, ондай көңіл күйінің 

сыртқа тез шығуымен қажетті түрде 

байланысты емес «Сабырлылық бой- 

да  жасырын  жатқан  ұлы  қуаттың 

белгісі; сезімнің, ойлардың толық жә- 

не терең болуы ұстамсыз қылықтар- 

ды болдырмайды» (Лермонтов, «Біз- 

дің заманның геройы»). 

Адамның  эмоциялық  өмірінің  бай- 

лығы  мен  мазмұндылығы,  оның  се- 

зімінің  күшінен  гөрі  тереңділігіне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   700   701   702   703   704   705   706   707   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет