ТОПТЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ –
топтың барлық мүшелері үшін ортақ
міндетті орындау кезінде өзара ақ-
парат алмасу жағдайында топ жүзеге
асыратын баламалардың бірін таңдау.
Топ болып шешім қабылдау рәсімі
топтық пікірталастағыдан өзгеше
болады, топ мүшелері пікірлерінің
міндетті түрдс үйлестірілуін көздейді,
ал топтық пікірталас болса, ол, әдет-
те, топ болып шешім қабылдаудың
алдындағы кезең деп қарастырыла-
ды. Жекелеген жағдайларда топ бо-
лып шешім қабылдау ақпарат ал-
масудың шектелу жағдайында, топ
мүшелері өздерінің әуел бастағы ше-
шімдері туралы хабарлай ғана алатын
кезде пайдаланылады.
Топ болып шешім қабылдауды қа-
тысушылардың өзара әрекет-тес-
тігінсіз индивидуумдық шешімдер-
ден топтық шешімдерге өтуден ажы-
рата білу керек. Т.ш.қ. процесін экс-
перименттік зерттеуді К.Левин бас-
тап, топтық пікірталастың қабыл-
данатын шешімдердің сипатына
ықпалын қарастырды. Осы бағыттың
шеңберінде тәуекелге және топтық
қарама-қарсылыққа қарай ойысу
феномендері анықталып, мұның өзі
топтық шешімдерді индивидуумдық
шешімдердің жиынтығына саюға
болмайтынын, топтық шешімдер топ-
тық өзара әрекеттестіктің тән сипатты
өнімі болып табылатынын көрсетті.
Индивидуумдық шешімдермен са-
лыстырғанда топтық шешімдердің
сапасы неғұрлым жоғары болатыны
дәлелденген. Осының өзінде пікірта-
лас процесінде топтық шешімдердің
сапасын төмендететін қайсыбір де-
формациялар болуы мүмкін екендігі
(атап айтқанда, тәуекелге қарай ойысу)
көрсетіледі. Индивидуумдық және
топ болып қабылданған шешімдер-
дің салыстырмалы құндылығы тура-
лы мәселені зерттеу кезінде батыс
елдерінің психологиясы топтық даму
деңгейін ілікке алмайды, ал топ бо-
лып шешім қабылдау саласындағы
әралуан зерттеулердің нәтижелерін
бағалау және талдау кезінде оның
есепке алынуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |