Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет761/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   877
ТЕСТ

ТЕСТ


529

тестілеу және зияттық тестілеу болып 

сараланады.

Педагогикалық  тестілеу  білім  мен 

білікті,  машықты  бағалауда  қолда- 

нылады.  Педагогикалық  практика- 

да  Т.  үлгісіндегі  диагностикалық 

тапсырмаларды алғаш рет 1864 жы- 

лы Ұлыбританияда Жд. Фишер оқу- 

шылардың  білімдерін  тексеру  үшін 

қолданды.  ХІХ  ғасырдың  аяғында 

тестологияның  негізін  салушы  деп 

саналатын  Ф.  Гальтон  адамның  да- 

ралық  ерекшеліктерін  бағалау  үшін 

Дж.  Саллимен  бірге  педагогикалық 

мақсаттарда  қолдана  бастады.  «Т.» 

терминін  алғаш  рет  америкалық 

психолог Дж. М. Кеттел енгізді (1890).

Т. дамуында 1905 жылы А.Биненің 3 

жастан  11  жасқа  дейінгі  балаларды 

зерттеу  үшін  зияттылық  шкаласын 

жасауы жаңа кезең болды. 1911 жылы 

В.Штерн  зияттылық  коэффициенті 

ұғымын  енгізді.  Бұл  коэффициентті 

өлшеу күні бүгінге дейін тестілеудің 

бір мақсаты болып келеді. АҚШ-та, 

Ұлыбританияда, Францияда Т. жоғары 

оқу  орындарына  қабылдау  кезінде, 

әскерге алынғандарды әскер түрлеріне 

бөлу  кезінде  кеңінен  қолданылады. 

Жоғары  оқу  орындарына  қабылдау 

кезінде тестілеу әдісі біздің елімізде 

де кеңінен қолданылатын болды.

ТЕСТІЛЕУ – белгілі бір мәндер шка- 

ласы  бар  стандартталған  сұрақтар 

мен есептер (тестілер) пайдаланыла- 

тын психологиялық диагностика әді- 

сі. Даралық айырмашылықтарды стан- 

дартты өлшеу үшін қолданылады. Тес- 

тілеудің негізгі үш саласы бар:

а) білім беру – оқыту мерзімінің ұза- 

руына және оқу бағдарламаларының 

күрделенуіне байланысты;

ә) кәсіби даярлық және іріктеу – өн- 

дірістің өсу қарқынының жеделдеуі- 

не және күрделенуіне байланысты;

б) психологиялық консультация – со- 

циодинамикалық  процестердің  же- 

делдеуімен байланысты. Т. индивидте 

қажетті  дағдылардың,  білім-дердің, 

тұлғалық сипаттамалардың және т.б. 

дамуының  актуальды  деңгейін  бел- 

гілі  бір  ықтималдықпен  анықтауға 

мүмкіндік береді.

Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге 

болады: 1) тестіні таңдау (тестілеудің 

мақсатымен және тестінің дұрысты- 

ғы мен сенімділік дәрежесімен анық- 

талады); 2) оны өткізу (тестіге беріл- 

ген  нұсқаумен  анықталады);  3)  нә- 

тижелерді пайымдау (тестілеудің пә- 

ніне қатысты теориялық рауалықтар 

жүйесімен анықталады). Үш кезеңнің 

үшеуінде де білікті психологтың қа- 

тысуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет