Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет776/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   772   773   774   775   776   777   778   779   ...   877
ТҰҚЫ

ТҰЛҒ


540

өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады.

Табиғи  таланттардың,  туа  біткен 

ерекшеліктердің  маңызды  рөлін  Т. 

дамуында әлеуметтік факторлар жа- 

ңаша  түрде  көрсетеді.  Дара  өмірдің 

тіршілік  ету  әдісі  дегеніміз  –  адам 

өмірінің  (неғұрлым  ерекше  немесе 

неғұрлым жалпы) көрінісі, адамның 

бірегей және бесаспап қасиеттерінің 

бірлігі,  тұтас  жүйе:  2)  адамдар  ара- 

сындағы  өзінің  ұстаным-орнын  ер- 

кін және жауапкершілікпен анықтай- 

тын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. 

Қоршаған  ортамен,  қоғамдық  және 

адами қарым-қатынастар жүйесімен, 

мәдениетпен  өзара  әрекеттестікте 

қалыптасады.

Адам  тұлға  болып  туа  қаламайды, 

әлеуметтену процесінде тұлға болып 

шығады. Т. ұғымы – отандық психо- 

логияда  негізгі  ұғымдардың  бірі. 

Тұлғалардың әртүрлі топтастырылып 

саралануын  білу  мұғалімнің  өз  шә- 

кірттерінің ерекшеліктерін тез аңға- 

руына көмектеседі. Т. психологиясы- 

ның  дамуына  сонымен  бірге  оның 

өзі кіретін әлеуметтік топтың психо- 

логиясы да әсер етеді. Т. -ны білу – 

оның  іс-әрекетін  тиімді  басқарудың 

алғышарты.  Т.  туралы  теориялар: 

биологиялық,  биоәлеуметтік,  әлеу- 

меттік,  психодинамикалық  (Фрейд), 

гуманистік (Маслоу), психоаналити- 

калық (Юнг), әлеуметті – когнитивтік 

(Бандура), бихевиористік (Скиннер), 

тұлғалық типтік (Айзенк), психоәлеу- 

меттік  (Эриксон),  даралық  (Адлер), 

феноменологиялық (Роджерс) т.б.

Жеке  адамның  кұрылымы  (структу- 

ралары): биологиялық (жасы, жыны- 

сы, темпераменті, дене бітімі, физио- 

логиясы  т.б.);  психологиялық  (зейіні 

танымдық әрекеттері, қабілеті, міне- 

зі, еркі, сезімі, т.с.с); әлеуметтік (қо- 

ғамдағы орны, қарым-қатынасы, т.с.с); 



бағыттылығы  (ниеттері,  тілектері, 

ұмтылыстары,  құндылықтары  т.с.с). 

Т. негізгі белгісі – оның дара өзгеше- 

лігі. Тұлға немесе жеке адам психо- 

логия ғылымында зерттелетін негізгі 

категориялардың бірі. Т. (жеке адам) 

психологиясы  адамтану  ғылымдары 

жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл са- 

ла адамның даралық сипаттарын қа- 

растырып,  оның  іс-әрекетіне  сәйкес 

қадір-қасиеттерінің  қалыптасуының 

психологиялық  механизмдері  мен 

заңдылықтарын зерттейді.

Сонымен  бірге  адамның  құрылымы 

мен адамдардың типтік мақсаттары- 

мен  байланысты  теориялық  мәселе- 

лерді де зерттейді. Ондай мәселелер 

осы замандағы психологияда айрық- 

ша  маңызды  деп  саналатын  биоло- 

гиялық және әлеуметтік факторларға 

негізделе отырып қарастырылады. Т. 

психологиясы  адамның  қажеттілігі, 

мұқтаждығы,  іс-әрекетінің  түрлері, 

ептілігі,  дағдысы,  әдеттері,  қызығу- 

шылығы,  сенімдері,  ұмтылыстары, 

құмарлықтары, жеке бағыт-бағдары, 

арманы,  кісілік  сипаттары  мен  пси- 

хологиялық құрылымдарын зерттей- 

тін психологияның саласы. Т. белсен- 

ділігі – тұлғаның сыртқы ортаға, бас- 

қа адамдарға және өзіне-өзі ынталы 

әсері.  Т.  статусы  –  адамның  тұлға- 

аралық қарым-қатынастар жүйесінде- 

гі  орны  мен  оның  топ  мүшелеріне 

психологиялық  ықпалының  мөлше- 

рін білдіретін ұғым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   772   773   774   775   776   777   778   779   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет