539
бойы ел аралап сапарға шығып ке-
туі ықтимал. Т.-тың басталуы да, аяқ-
талуы да кенеттен болады. Бұл кезең
туралы есінде ештеңе қалмайды,
Т. кезіндегі адамның жүріс-тұрысы
айналасындағыларға жөн-жосықты
болып көрінуі мүмкін, ол қарапайым
сұрақтарға жауап бере алады, үйрен-
шікті әрекеттерін орындайды. Т. нев-
роздар кезінде, эпилепсия ұстағанда
және басқа да кейбір психикалық ау-
рулар кезінде байқалады.
ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ – ата-
анасынан ұрпақтарына қандай да
бір белгілердің, ерекшеліктердің бе-
рілуі. Ұрпақтардың биологиялық са-
бақтастығы. Әрбір түрге тән морфо-
логиялық, физиологиялық және т.б.
ерекшеліктердің тұрақтылығын қам-
тамасыз етеді, сол арқылы түрлер
арасындағы айырмашылықтарды, ал
түрлердің ішінде түрдің жеке мүше-
лері арасындағы айырмашылықты
сақтайды.
Т.-тың материалдық тасымалдаушы-
лары гендер – молекулалары орга-
низмнің барлық жасушаларының
хромосомаларында бар дезоксири-
бо-нуклеин қышқылдарының бөлік-
тері болып табылады. Барлық ген-
дердің жиынтығы сол организмнің
генотипін, яғни ата-анасының ұрпа-
ғынан алынған тұқым қуалайтын
факторлардың жиынтығын түзеді.
Жаратылыс заңдылықтарына сәйкес,
әрбір адамның бірегей генотипі, яғ-
ни әрбір кісінің қайталанбас ерек-
шелік қасиеттері оның тұқымқуалау-
шылығында күн ілгері белгіленген
болып шығады. Алайда кез келген
ген өзіне сәйкес орта болғанда ғана
белсендіріледі. Олай болмаса, геннің
белсенділігі мүлдем көрінбей қалуы
немесе күрт төмендеуі мүмкін. Гено-
тип пен ортаның өзара әрекетінен
фенотип – сырттай бақыланатын ана-
томиялық, физиологиялық және т.б.
белгілердің нақты көріністері түзіле-
ді. Психиканың жеке ерекшеліктері-
нің қалыптасуы үшін маңызды орта
әсерлері де әрбір адам үшін ерекше
болады.
Т.-пен ортаның әсер ету арақатына-
сын анықтау үшін генетикалық әдіс-
тер: популяциялық, генеалогиялық,
егіздік әдіс, асыранды балалар әді-
сі қолданылады. Егіздік әдіс – пси-
хогенетиканың, негізгі әдістерінің
бірі; генотиптік және орта фактор-
ларының адамдардың психология-
лық ерекшеліктерінің қалыптасуы-
на әсер етуін зерттейді. Бұл сала-
да жоғары психикалық. функцияға,
темпераментке жататын психология-
лық ерекшеліктер зерттелді. Алын-
ған мәліметтер нәтижесінде адамдар
арасындағы көптеген психологиялық
айырмашылықтар тұқым қуалау
факторларына байланысты екені
анықталды.
ТҰЛҒА – 1) дербес әрекетпен айна-
лысаын субъект ретіндегі нақты же-
ке адам. Ол оның өзіндік бағыт-бағ-
дары, көзқарасы мен сенімі, қызығу,
қажеттерінен көрініс береді. Т. әлеу-
меттік тіршілік ету жағынан дара бо-
лады, оның өзіндік дүниесі ерекше
өмір жолын белгілейді және ол маз-
мұны жағынан әлеуметтік жағдай-
лармен анықталады. Ал тегі, құрылы-
мы және нысаны жағынан даралық
сипатта болады. Тұлғаның мәні нақ-
ты индивидтің өзіндік ерекшелігінде,
оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі
Достарыңызбен бөлісу: