Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет78/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АССО

АССО


56

жағдайда екі не бірнеше психикалық 

құрылымдардың  өзара  байланысты- 

лығын білдіреді.



АССОЦИАЦИЯ  (лат.  associatio  – 

қаз. қосылыс) – 1) неғұрлым жалпы 

мағынада – екі (одан да көп) элемент- 

тердің  арасындағы  анықталған  кез 

келген функциялық байланыс; 2) би- 

хевиоризмдегі  үйрену  теориясында 

стимулдар  (S)  мен  реакциялар  (R) 

арасындағы байланыстар немесе бірі- 

гу.  Бихевиористер  сол  байланыстың 

табиғатын ұғуға тырысты; 3) қайсыбір 

стимул немесе оқиға әсерінен алын- 

ған  нақты  психологиялық  тәжірибе: 

мысалы, «ауыл» деген сөзді естіген- 

де, бірнеше ассоциация пайда болады; 

4) статистикада – бір айнымалыдағы 

өзгеріс  дәрежесінің  екінші  айныма- 

лыдағы өзгерістерге байланысты бо- 

луы; 5) психологияда – сыртқы және 

ішкі  тітіркендіргіштердің  әсер  етуі- 

нен туатын адамның психикалық про- 

цестері мен қимыл-әрекеттерінің бай- 

ланысы.


А. адамның бұрынғы тәжірибесі не- 

гізінде пайда болып, заттар мен құбы- 

лыстардың  кеңістіктік-уақыттық  қа- 

тынастары (кеңістік пен уақыт ішінде- 

гі іргелестік ассоциациясы, мысалы, 

көктем  мен  жасыл  шөптің  шығуы) 

олардың  ұқсастығын  (ұқсастық  ас- 

социациясы, мыс., жапырақ сыбдыры 

мен  сыбырласу)  немесе  қарама-қар- 

сылығын  (күн  мен  түн,  кәрілік  пен 

жастық) бейнелеуі мүмкін. Объектілер 

арасындағы анағұрлым күрделі, мы- 

салы, себептер мен салдар арасында- 

ғы  байланысты  білдіретін  ассоциа- 

ция болады. Физиологиялық тұрғыдан 

қарағанда, А. екі немесе бірнеше ті- 

тіркендіргіштің  бір  мезгілде  немесе 

бірінен соң бірінің әсер етуінен туатын 

уақытша процесінде үлкен орын алады.

Білім алу – адамның бұрынғы тәжіри- 

бесі мен жаңадан игерген түсініктері, 

ұғымдары арасындағы байланыс (ас- 

социация) жасау процесі екені мәлім; 

6) бір психикалық құбылыстың (қабыл- 

дау, елестету) жаңғыруы екіншісінің 

пайда болуын ілестіретін олардың ара- 

сындағы байланыс.

А. туралы ұғым ежелгі дүниенің фи- 

лософиялық ілімдерінде қалыптасқан. 

Психологиялық  ой  А.  фактісін  жай 

ғана баяндап қоюдан (мыс., затты қа- 

былдау оның иесінің бейнесін туды- 

рады)  оны  организм  ішіндегі  про- 

цестермен түсіндіруге көшті. Бұл – А. 

ұғымына детерминистік (лат. determi-

nare  –  психикалық  құбылыстардың 

өздерін тудыратын факторларға заң- 

ды әрі қажетті тәуелділігі) мағына бе- 

реді:  санада  бейненің,  әдетте,  оған 

шақыртқы болатын сыртқы тітіркен- 

діргішсіз  пайда  болуы  –  денелік 

процестердің  өткендегі  тәжірибеде 

бекіген  байланысының  есебіне  жат- 

қызылды; бұл процестер, Аристотель- 

дің айтуынша, олардың араластығы, 

ұқсастығы немесе кереғарлығы (кон- 

траст) себепті жақындаса түсіп, берік 

бірлестіктер түзуі мүмкін.

Жанда үйлестік мүшелерінің бірі пай- 

да  болғанда,  ол  «автоматты  түрде» 

организмде  жасырынған  басқалары- 

на  шақыртқы  болады.  «Идеялар  ас- 

социациясы» терминін, ассоциацияны 

ақыл-ойға  негізделген  байланыстар- 

ға қарсы қойған, Дж.Локк енгізді. А. 

туралы  ұғым  ХVIII-ХІХ  ғасырлар- 

дың философиялық жүйелері үшін бас- 

ты ұғым болды. А-ның физиология- 

лық негізі – шартты рефлекстер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет