АСЫЛБЕКОВ ӘБДІРАХМАН (1903-
1970) – қазақ психологі. Қазіргі Ал-
маты облысы, Жамбыл ауданының Қа-
ракестек ауылында шаруа отбасын-
да дүниеге келді. Сауатын ауыл мекте-
бінде ашып, кейіннен орта және жоға-
ры оқу орындарында оқиды. Өмір жо-
лын 1928 жылы Жетісу халық ағарту
жүйесіндегі мектеп инспекторлығы-
нан бастайды. Одан кейінгі жылдары
әр түрлі қызмет атқарады. 1930-34 жыл-
дары Шымкентте, кейіннен Өзбекстан-
дағы Қарасу балалар үйінде дирек-
тор болады. 1960 жылдан бастап өмірі-
нің соңғы күндеріне дейін Қазақтың
Абай атындағы Мемлекеттік педаго-
гикалық университетінің психология
кафедрасында қызмет атқарған. 1962
жылы Ташкентте «Мектеп оқушыла-
рында ынтаның қалыптасуы» атты
кандидаттық диссертация қорғаған. Ол
педагогикалық және жас психология-
сының төңірегінде көптеген еңбектер
мен мақалалардың авторы. Олардың
кейбірі: «Оқушылардың ынтасын тәр-
биелеу» (1965), «Бала тәрбиелеудегі
семьяның рөлі» (1966) т.б.
АТАҚҚҰМАРЛЫҚ – адам мінезін-
дегі мансапқа, даңққа қызығушы-
лық, өркөкіректік пен өзімшілдік қа-
сиет. А. адамның өмірі мен тіршілі-
гінде, күнделікті қарым-қатынасында
мансап құмарлық деп те атала береді.
Ол адамның бойындағы іскерлігімен,
білімімен, қабілетімен санаспай, қа-
лайда басшы қызметке қол жеткізуді
мақсат тұтады. Әкімдік арқылы жо-
ғары дәрежеге көтерілуді көздейді. А. –
қызметі мен беделі жоғары адамдар
арасында өзін өзгелерден ерекше көр-
сету үшін болып отыратын жағым-
паздық қылықтар. Көңіліне ұнамаған
адамдар жайында өтірік-өсек әңгіме
тарату арқылы күншілдігі мен қызған-
шақтығын әрдайым білдіріп отыра-
ды. Ондай адамның сөзіне ергендер
опық жеп, артынан қателескенін аң-
ғарады. Баянсыз болған ісіне өкінеді.
А. – адам мінезіндегі жағымсыз сипат.
АТРИБУЦИЯ – қабылдау өрісінде
жоқ сипаттамаларды әлеуметтік
объектілерге (адамға, топқа, әлеумет-
тік қауымға) балаудың әлеуметтік-
психологиялық механизмі. А. қажет-
Достарыңызбен бөлісу: |