Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет824/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҮРЕЙ

ФАНА


570

қатынасынан айқын көрінеді. Ф. сол 

жолда  құрбан  болуға  дайындықпен 

астасады;  идеяға  берілгендік  басқа 

пікірдегілерге төзбеушілікпен қарау- 

мен,  ортақ  мақсатқа  жетуге  кедергі 

болатын әдеп нормативтерін елемеу- 

шілікпен ұштасады. Ф. – топтың пси- 

хологиялық феномені. Бір-біріне тән- 

ті болудан қолдау табатын фанатик- 

тер үшін көтеріңкі эмоциялық, өзде- 

рінің  көзқарастарын қуаттайтын кез 

келген ақпаратқа талғамай қараушы- 

лық,  тіпті  тілектестік  тұрғысыдағы 

сынның өзін қабылдамаушылық тән. 

Ф. екінің бірінде идеологиялық (со- 

ның ішінде діни) сипатта болады.

ФАНТАзИЯ – 1) елестетудің сино- 

нимі;  2)  елестетудің  өнімі,  Ф.  сана- 

да бейнеленген болмыстың өңін өз- 

гертеді, оған болмыстың элементте- 

рін  транспозициялау  (орындарын 

ауыстыру) тән. Ф. Бұған дейін белгі- 

лі  фактілерге  қатысты  жаңа  көзқа- 

рас  тұрғысын  табуға  мүмкіндік  бе-

реді,  осы  себепті  оның  көркемдік 

және ғылыми-танымдық құндылығы 

орасан  зор.  Қиялдаудан  туындаған 

шығармашылық  белсенділік  едәуір 

шамада ішкі ниеттерге, жекелей да- 

рындылыққа  және  адамның  қызме- 

ті  үрдісінде  қалыптасатын  даралық 

тәжірибесіне  байланысты.  Ф.  ұғы- 

нушылық  қарқындылығы  құлдыра- 

ған  кезде  пайда  болады;  мұның  нә- 

тижесінде оны ұғынылмағаннан бө- 

ліп  тұратын  бөгет  өткізгіш  бола 

бастайды  (түс,  қажу,  сандырақ); 

3)  дәл  сол  мезетте  жоқ  объектіні, 

символды  немесе  оқиғаны  елестету 

психикалық  үрдісін  белгілеу  үшін 

қолданылатын термин. Негізінде Ф. 

қалыпты құбылыс болып саналады.

Тіпті индивидтің психологиялық тұ- 

рақтылығы мен денсаулығының көр- 

сеткіші болып есептеледі. Фантазия- 

ның  белсенді  түріне  іске  аспайтын 

ғылыми  жобалар  және  т.б.  жатады. 

Ф.  арқылы  адамның  есіне  сақтаған 

қабылдау,  елес  бейнелері  кайтадан 

өңделіп,  сұрыпталып,  жаңартылып, 

солардың  негізінде  мида  жаңа  бей-

нелер жасалады. Ф. тек адамға ғана 

тән  психикалық  үрдіс.  «Фантазия» 

реалдық  өмірмен  қатынасы  аз  қиял 

деп түсінілгенмен, көптеген жағдай- 

да қиялды фантазия деп те атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет