Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет87/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АУЫР

АУЫТ


62

адамды оның салдары үшін жауапкер- 

шіліктен  босатпайды.  Яғни  мұндай 

сезімдік  ахуал  жағдайында  жасаған 

қылмысы үшін кінәлілік жоққа шыға- 

рылмайды, тек ол белгілі бір жағдай- 

ларда  жеңілдетілуі  мүмкін.  Патоло- 

гиялық  негіздегі  А.м.-қ.  адамды  бір 

сәтке сана-сезімнен айырып, мақсат- 

сыз  немесе  қауіпті  іс-әрекеттер  жа- 

сауға  итермелейді.  Егер  қылмысты 

әрекетті патологиялық А.м.-қ-қа ұшы- 

раған  адам  жасаса,  ондай  адам  «есі 

кіресілі-шығасылы»  деп  танылады. 

Девианттық қылық – қоғамдық нор- 

маларға қарсы қылықтар жүйесі не- 

месе жеке қылықтар. Мұндай қылық- 

тар әлеуметте қолдау табатын (дарын- 

дылық, альтруизм, ерлік т.с.с.) және 

әлеуметте  қолдау  таппайтын  болып 

бөлінеді. Әлеуметте қолдау таппайтын 

қылықтар – қылмыстық іс-әрекет жә- 

не  жөнсіз  іс-әрекет  (маскүнемдікке, 

нашақорлыққа бейім қылықтар). Де- 

вианттық  қылықтар  ауытқушы  қы- 

лықтар. Адамның орныққан құқықты 

немесе өнегелілік тәртіптерден ауыт- 

қитын немесе сол тәртіп ережелерін 

бұзатын қылықтары.

АФАзИЯ  (грек.  aphasia  –  қаз.  сөй- 

леудің бұзылуы). А. – адамның сөй- 

леу қабілетінен жартылай не біржола 

айырылуы. Мұндай кемістік мидағы 

сөйлеу орталықтары мен қан тамыр- 

ларының ісініп, бас сүйегінің зақым- 

далу  салдарынан  болады.  Ми  ала- 

шарының белгілі орталығы зақымда- 

луына қарай А.-ның мынадай екі түрі 

бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдік 

А. Қимыл-қозғалыс А. сөйлеудің ми- 

дағы орталығы (мұны Брока орталы- 

ғы дейді) мен сөйлеудің сезімдік ор- 

талығының (мұны Верника орталығы 

дейді)  зақымдалуына  байланысты. 

Бала сөйлеуінің дамуы соқырлығынан 

немесе  нашар  естуінен  мардымсыз 

болып қалатын алалия деп аталатын 

кемістіктен  А-ның  айырмашылығы 

сол,  бұл  баланың  дамып  жетілген 

сөйлеу қабілетін жоғалтады.

Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың 

сөйлеуі  біржола  жоғалады  немесе 

айтайын деген ойын үзілді-кесілді бі- 

рер сөздерді атаумен шектеледі. Мұн- 

дай  жағдайда  сөйлеудің  дыбыстық 

үйлесімі  мен  буындары,  сондай-ақ 

буындар  мен  сөздердің  бір-бірімен 

байланысы болмайды. Мұндай кеміс- 

тігі  бар  балалар  өзгелердің  сөзін  де 

шала-шарпы  ұғынып,  оларға  толық 

жауап қайтара алмайды. Қимыл-қоз- 

ғалыс А. кеміс болған баланың оқуы 

мен жазуына да әсер етіп, олар жеке 

дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта 

алмайды. А-ға ұшыраған балалардың 

сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның 

естуі мен көру талдағыштарының жұ- 

мысын жандандыратын шаралар қол- 

данып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жү- 

йесін қалпына түсіретін дағдылар қа- 

лыптастырылады.

Сонымен  бірге  ондай  балалардың 

сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық 

құрылысын үйренулері үшін машық- 

тандыру жұмыстары жүргізіледі. Се- 

зімдік А. бойынша бала сөздердің мә- 

ні-мағынасын  ұғына  алмайды,  сөз- 

дер мен әріптердің дыбысталу ерекше- 

ліктерін  ажырата  алмай  қиналады. 

Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс 

қабылдау  қабілетін  жоғалтпайды. 

Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін 

қалпына келтіру бағытында оның есту, 

көру талдағыштарының қызметін жан- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет