65
физиологиялық процестердің тууын,
оның барысын басқарып, адамның
сыртқы әлпетінің өзгеруіне әсерін
тигізеді. Жас балалар өздерінің іс-
әрекеттерінің дәлел-себептері әлі сана-
лы түрде айқын қалыптаспаған даму
сатысында аффекттерге оңай ұрынуы
мүмкін.
Баланың кез келген қажеттіліктерін
қанағаттандырмау немесе кез келген
қайшылық аффекттің дамуына әкеліп
соқтырады. Дұрыс тәрбие беру сал-
дарынан аффектіге бейімделу бала
өмірінде үлкен орын алып, оның мінез-
дамуына кері әсерін туғызу мүмкін.
Егер баланың айналасындағылардың
өз дегенін сөзсіз орындауына еті үйре-
ніп, онда оның әлдебір талап-тілегінің
орындалмауына бөгет жайттар орын-
сыз ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Ба-
ланың іс-әрекет түрлері күрделене түс-
кен сайын, оның себеп дәлелдері соғұр-
лым саналы түрде жасалған түрде
болады, баланың эмоцианалдық өмірі
жинақы нысандарымен ерекшеленеді
және кірікпелі аффективтік төтенше
жағдайлар кезінде пайда болады.
Аффективтік хал-ахуалдың алдын алу
үшін адамның құлықтық қасиеттерінің
қалыптасуына, сондай-ақ аффекттің
әрбір пайда болуы көрінісін дұрыс
қабылдауға бағытталған жүйелі тәрбие
жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл
орайда баланы оның барлық тілегінің
орындалуы мүмкін еместігі және бұл
жағдайда ұстамдылық танытып, төзім-
ділікпен күте білуге үйренуінің қа-
жеттігі жөнінде ертерек сіңіре берген
жөн.
А. алдын алу үшін бала назарын басқа
жаққа аудару қажет. Жасөспірім және
бозбала кезде аффектпен күресте өзін-
өзі тәрбиелеу үлкен рөл атқаруы мүм-
кін. Афферентация – сыртқы тітіркен-
діргіштерден (экстероцепция) немесе
ішкі ағзалардан (интероцепция) ақ-
паратты қабылдап, орталық жүйке
жүйесіне келетін жүйке импульстары-
ның ағыны. Афференттік лат. афференс
деген сөзі, қаз. жеткізуші деген ма-
ғынаны білдіреді. Бұл жерде миға ті-
тіркендіргіштерді жеткізіп отыратын
жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: