61
ауызекі сөйлеудің мазмұндық және мо-
торлық-артикуляциялық жақтарына
қатысты болады.
АУЫРСЫНУ АДАПТАЦИЯСЫ
Мыс: теріге ине шаншып, инені
қозғалтпай ұзақ ұстаса ауырғаны се-
зілмей қалады, ал инені сәл қимыл-
датса ауырғанды сезеді. Инені ұзақ
уақыт бір қалыпты ұстағанда, ауыр-
ғанды қабылдағыш рецептор иненің
сол әсерінің күшіне бейімделіп, сез-
бей қалады. Ауырсыну түйсігі. Ауыр-
сыну биологиялық өте маңызды қор-
ғаныс бейімі болып табылады. Сипа-
ты мен күші бойынша қиратушы ті-
тіркендіргіштердің әсерінен ауыр-
сыну организм үшін қауіпті әсерлер
жөнінде белгі береді. Адам денесін-
де ауырсынуға сезімтал емес және
ауырсынуға сезімтал бөлімдер бола-
ды. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну
нүктелері сәйкес келеді. Эксперимент-
тік зерттеулер көрсеткендей, ауыр-
сыну нүктелерінің таралуы дина-
микалық, қозғалғыш сипатта болады.
Ауырсыну түйсіктері белгілі бір ті-
тіркендіргіштен келетін импульстар-
дың қарқындылығы, ұзақтығы мен
жиілігінің шамадан тыс артуының
нәтижесі болып табылады. Ауырсыну
сезгіштігіне аз қозғыштық тән. Ауыр-
татын тітіркендіргіштен кейінгі им-
пульстар баяу өткізіледі. Ауырсыну
импульстарына бейімделу өте баяу
жүреді. Ауырсынуды сезіну белгілі бір
қанағаттанбағандықпен немесе азап
шегумен байланысты. Ауырсынудың
орналасқан жері айқынсыз болады.
АУЫРСЫНУ – түйсіктің ерекше бір
түрі. А. денеге ішкі мүшелерден неме-
се сырттан қолайсыз тітіргендіргіш
әсер еткенде туындайтын жан құбы-
лысының жағдайы. Кісі дені сау ке-
зіндегі түйсіктердің осы түрін байқай
бермейді. И.М.Сеченов мұндай түй-
сіктерді «көмескі түйсік» деп атаған.
Органикалық түйсіктердің құрамына
енетін адам организімнің жалпы
хал-күйінің негізі болып табылатын
осынау түйсіктердің профилактикалық
маңызы зор. Өйткені ол жаңадан бі-
лініп келе жатқан аурудың алғашқы
хабаршысы ретінде бұлар организмнің
бірқалыпты жұмысының бұзыла бас-
тағанын білдіреді. Осындай жағдай-
да адамның көңіл күйі кейде күрт
нашарлап, дегбірсізденіп, ауруды бол-
дырмау шараларын қарастырады. Ерік-
жігері күшті, рухани өмірінің мазмұ-
ны бай, уақытты үнемі іс-әрекетке то-
лы адам тәнге түскен осындай қолай-
сыз жағдайларға сыр бермей, шыдам-
дылық көрсетеді. А. түйсігінде шеткі
жүйке саласы әсіресе ми қабығы ор-
талығы басқарып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: