Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет113/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘЛЕУМЕТТІК  ПСИХОЛОГИЯ  – 

адамдардың әлеуметтік топтарға қо- 

сылуынан туындаған мінез-құлық жә- 

не  әрекет  заңдылықтарын,  сондай-

ақ  осы  топтардың  өздерінің  психо- 

логиялық сипаттамаларын зерттейтін 

психология  ғылымының  саласы. 

Әуелде  әлеуметтік-психологиялық 

көзқарастар  әртүрлі  философиялық 

тұжырымдамалар  ауқымында,  сон- 

дай-ақ  нақты  ғылымдардың,  ең  ал- 

дымен, психология мен социология- 

ның,  антропологияның,  этногра- 

фияның,  криминологияның,  тіл  бі- 

лімінің,  педагогиканың  ішінде  тал- 

дап белгіленді. XIX ғ. екінші жарты- 

сында ғана дербес әлеуметтік-психо- 

логиялық тұжырымдамалар: «халықтар 

психологиясы» (М.Лацарус, Г.Штейн- 

таль, В.Вундт), «бұқара психология- 

сы» (С.Сигеле, Г.Лебон), «әлеуметтік 

мінез-құлық  инстинктілері  теория- 

сы»  (У.Мак-Дугалл)  жасау  тұрғы- 

сындағы  алғашқы  әрекеттер  болды. 

Әлеуметтік психологияның сан қилы 

мәселелері  әл-Фараби  еңбектерінен 

елеулі  орын  алған  ғылыми  пробле- 

малардың бірінен саналады. Әбу На- 

сыр  әл-Фарабидің  ұғымынша  әлеу- 

меттік  топтардың  ең  үлкені  адамзат 

қоғамы, халықтар бір-бірінен үш ерек- 

шелігімен ажыратылады дейді.

Бұл  айтқандарға  әрбір  халықтың 

табиғи әдет-ғұрпы мен салт-санасы, 

мінез бітістері мен тіл ерекшеліктері 

жатады. Фараби түрлі тайпалар мен 

халықтардың  психологиялық  ерек- 

шеліктерін көп жағдайда география- 

лық ортаға қарай түсіндіреді. «Ізгі қа- 

ла  тұрғындарының  көзқарасы  тура- 

лы трактат» деген еңбегінде Фараби 

осындай  топтардың  әрқайсысына 

жеке-жеке сипаттама беріп, бұларды 

әлеуметтік психологияның негізгі ка- 

тегориялары ретінде ұсынып, ғылы- 

ми талдау жасайды. Әлеуметтік пси- 

хологияны біз мақал-мәтелдерден де 

байқаймыз.  Мәселен,  «Бір  данаға 

жол берсең, жанған отқа күймейсің», 

«Мың қосшыға бір басшы», «Жасық- 

тың  көбінен  де  асылдың  азы  жақ- 

сы», «Басшысын таппаған ел азады, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет