Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ (1644-



Pdf көрінісі
бет111/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ (1644-

1700).  Кіші  жүздің  ұлы  биі.  Оның 

психологиялық  түйіндерінде  адам- 

ның  ақыл-ой  ерекшеліктері,  тұлға- 

лық қасиеттері, мінез ерекшеліктері 

әр  қырынан  сөз  болады.  Мәселен, 

ол «Ақыл деген – дария», «Ашу бар 

жерде  ақыл  тұрмайды»,  «Ашу  де- 

ген – ағын су» т.б. сондай-ақ, адам- 

ның  жеке  қасиеттері,  туыстық  қа- 

рым-қатынас қасиеттері, («Кісі бірге 

туыспау керек, туысқан соң сөз қуыс- 

пау керек», «Сөз қуған пәлеге жолы- 

ғады»  т.б.)  имандылық,  адамгерші- 

лік, қайырымдылық мәселелерін қоз- 

ғайды («Бай болсаң халқыңа пайдаң 

тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң 

тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, 

батыр болып найзаң дұшпанға тимесе, 

жұрттан ала бөтен үйің күйсін» т.б.). 

Әйтеке би жігіттердің жақсы жаман 

қасиеттері туралы да сындарлы пікір 

айтқан.  «Жігіттің  жақсысы  дұрыс 

сөзге  тоқтай  білген,  басқаны  сөзіне 

тоқтата білген».



ӘЛЕУМЕТТЕНУ – индивидтің қа- 

рым-қатынасы  мен  іс-әрекеті  бары- 

сында  жүзеге  асатын  процесс  және 

оның  әлеуметтік  тәжірибені  игеруі- 

нің нәтижесі. Ә. кейбірде қоғамдағы 

әртүрлі  бағыттағы  факторлар  сипа- 

тына ие болатын әртүрлі өмірлік жағ- 

даяттардың тұлғаға стихиялық ықпа- 

лы ретінде де, сондай-ақ арнайы тәр- 

бие жұмыстарын жүргізу жағдайын- 

да да пайда болуы мүмкін.

Тәрбие  әлеуметтенудің  жетекші  әрі 

айқындаушы негізі болып табылады. 

Ә. ұғымы 40-50 жылдары А.Бандура, 

Дж.Кольман  және  т.б.  еңбектері 

арқылы әлеуметтік психологияға ен- 

ген. Әртүрлі ғылыми мектептерде Ә. 

ұғымы  әртүрлі  талғамға  ие  болды. 

Мыс., ол необихевиоризмде әлеумет- 

тік  ілім  ретінде  түсіндірілетін  бол- 

са,  символикалық  интеракционизм 

мектебінде – әлеуметтік өзара әрекет- 

тестіктің  нәтижесі  саналады;  гума- 

нистік  психологияда  –  Мен  тұжы- 

рымдамасының өзіндік танылуы (ак- 

туализациясы) ретінде қабылданады. 

Ә.  құбылысы  көп  аспектілі  және 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет