Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет218/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДАРЫ

ДАРЫ


153

Дарынды адамдардың қабілеті әдет- 

те ерте ашылатынын зерттеу жұмыс- 

тары байқатып жүр. Дарынды бала- 

лар  мектептің  оқу  бағдарламасын 

ерте меңгереді. 5-6 жаста ондай бала-

лар өзінен екі есе үлкен балалардың 

білгенінен  артық  білетін  болады. 

Кейде дарынды балалардың мектеп-

тегі  оқуға  көңіл  бөлмейтін  кездері 

де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. 

Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк 

білмейтіндердің қатарында саналған. 

Олардың  көпшілігі  өз  уақыттарын 

өлең жазып, сурет салып, көбелек ұс- 

тап, коллекция жинауға, немесе химия- 

лық  тәжірибе  жасауға  сарп  етеді. 

Мұндай дарынды адамдардың бала- 

лық шақтары туралы көптеген шығар- 

малар әлі де сақтаулы. Айталық, Дю-

рер үш жасында өз портретін салған, 

жеті  жасар  Моцарт  төрт  соната  жа- 

зып  үлгірген.  Лист,  Шопен  мен  Ие-

гуди Менухин он бір жасында үлкен 

концерт қоюға қатысқан.

Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек 

тілдерінде өлең жазатын болған. «Қа- 

зіргі математиканың негізін салушы» 

Гаусс  үш  жарым  жасында  әкесінің 

салық төлеу жөніндегі есебін көріп, 

соның  қатесін  шығарыпты,  сөйтіп 

әкесінің  25  талер  ақшасын  сақтап 

қалыпты деседі. Ол алгебралық есеп- 

тер  мен  сандар  теориясы  жөніндегі 

өзінің дарынын ерте танытқанға ұқ- 

сайды.  Гаусс  өзінің  ең  басты  жаңа- 

лықтарын  негізінен  14  пен  17  жас- 

тың арасында ашыпты.

«Кибернетиканың  атасы»  Норберт 

Винер бес жасынан бастап ғылымға 

ден қояды да тоғыз жасында 18 жа- 

сар балалармен бірге оқиды. 12 жа-

сында колледжге түсіп оқып, 14 жа-

сында оған ғылыми атақ беріледі. Не 

бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан 

Уәлиханов  та  аз  ғана  ғұмырының 

ішінде  адамзаттық  ғылымға,  оның 

көптеген саласында (әдебиет, тіл, эт-

нография, география, шығыс тану т.б.) 

баға жетпес көп үлес қосты. Ол му- 

зыка, сурет саласында да, публицис- 

тика мен жазушылық өнерде де өзін 

жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан 

жөнінде С. Мұқанов былай деп жаза- 

ды: «Аз өмірі осынша тығыз, зұлым- 

дықпен  арпалыса  жүріп  атқарып 

үлгерген еңбегінде қисап жоқ:... Шо- 

қанды...  27  жасында  өлген  Лермон- 

товтың,  24  жасында  өлген  Добро- 

любовтың  қатарында  деп  түсінеміз. 

Шоқан  да  солар  сияқты:  шын  ма- 

ғынасындағы  талант,  шын  мағына- 

сындағы данышпан».

Алты жасар Таня Федина, музыкаға 

мейлінше  дарынды  болды.  Ол  фор- 

тепьянада  көптеген  композиторлар- 

дың, сондай-ақ өз шығармаларын та-

маша  орындаған.  Оның  фортепьяна 

үшін жазған пьесалары, космонавтар 

туралы әндері бар. Таня отыздан аса 

ән және осындай аспаптық шығарма- 

лар  (вальстер,  прелюдиялар,  фанта-

зиялар  т.б.)  жазған.  Мәселен,  оның 

космонавтарға  арнаған  «Титов  мар-

шы», «Терешковаға», «Космонавтарға 

хат»  деген  шығармалары  бар.  Ол 

Москва  консерваториясы  жанында- 

ғы орталық музыка мектебінде оқып 

жүргенде бір актілі опера жазған.

Дарынды адамдарды ғылым саласы-

нан  да  көптеп  кездестіреміз.  Мәсе- 

лен, қазіргі атақты совет математигі  

С. Мергелян 16 жасында университет- 

тің  бірден  екінші  курсына  қабыл- 

данғаны белгілі. Ол жиырма жасын- 

да  ғылым  докторы  дәрежесін  алды. 

Академик  Л.  Ландау  орта  мектепті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет