Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет253/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЕРІК

ЕРІК


178

жылдықтарында  осы  ұғымнан  жал- 

пы  бас  тартуға  ұмтылды,  оны  қан- 

дай да болмасын басқа, демек, бақы- 

лау  және  бағалауға  болатын  мінез-

құлық  сапаларымен  ауыстыру  көз- 

делді.  Мысалы,  Американың  мінез- 

құлық  психологиясында  ерік  ұғы- 

мының  орнына  «мінез-құлықтың 

табандылығы»  ұғымын  қолдана 

бастады.  Қазіргі  кезде  ерік  туралы 

психологиялық  зерттеулер  әртүрлі 

ғылыми бағыттар арасында бөлінген 

болатын:  бихевиористік  бағыттағы 

психологияда мінез-құлықтың сәйкес- 

ті  түрлері  зерттелуде.  Көптеген  ға- 

лымдар  ерік  туралы  ілімді  қайта 

жандандыру,  оған  құбылыс  ретінде 

бірігушілік сипат беру үшін бағыттал- 

ған  қадамдар  жасауда.  Кеңестік  ке- 

зеңде  ерік  туралы  психологиялық 

зерттеулерде бұл проблемаға ерекше 

мән  берген  В.А.Иванников  адам  мі- 

незін реттеуде екі бір-біріне қарама-

қарсы тұжырымдамалардың күресін 

жатқызады:  реактивті  және  активті. 

Бірінші  тұжырымдама  бойынша, 

адамның барлық мінез-құлқы әртүр- 

лі  ішкі  және  сыртқы  стимулдарға 

негізінен  жауап  болып  табылады, 

оны  ғылыми  зерттеудің  міндеті  осы 

стимулдарды іздестіре отырып, оның 

реакцияларымен  байланысын  анық- 

тауға  алып  келеді.  Адамзат  мінезін 

осылай түсіндіру үшін еріктің қаже- 

ті жоқ. Рефлекс оның дәстүрлі түсі- 

нігінде әруақытта да белгілі бір стимул- 

ға реакция ретінде қарастырылады.

Екінші  тұжырымдама  бойынша  бұл 

соңғы  жылдары  күш  алып,  әрі  оны 

жақтаушылар  бірте-бірте  арта  түсу- 

де,  адамның  мінез-құлқы  белсенді, 

ал  оның  түрлері  саналы  таңдауға 

берілген  қабілеттілік  ретінде  қарас- 

тырылады.  Мінез-құлықты  осылай 

түсіну үшін ерік және еріктілікті реттеу 

қажет.  Ол  тек  психологияның  бұ- 

рынғы атын қайтаруды талап етпей- 

ді, сонымен қатар адамзат мінез-құл- 

қын ғылыми зерттеулерде ерік проб- 

лемасына  лайықты  көңіл  бөлуді  қа- 

жет деп есептейді. Жоғары жүйке қыз- 

метінің жаңа физиологиясында көр- 

некті  ғалым-физиологтар  Н.А.Берн- 

штейн мен П.К.Анохин бұл көзқарас- 

ты  орынды  бекітеді  және  жараты- 

лыстану  жағынан  қолдайды.  Бұл 

тұрғыдан  үлкен  үміт  қазіргі  сана 

психологиясына  және  когнитивтік 

психологияға, адам психикасын экс- 

перименттік зерттеулердің жаңа әдіс- 

намасы мен әдістеріне жүктеледі. Ерік-

жігер  іс-әрекеттерінің  табиғатына, 

соған  сәйкес  адамның  мінез-құлқы- 

на  жаңаша  қарау  туралы  талпыныс- 

тар да баршылық. Еріктің белсенділі- 

гіне  байланысты  оған  жаңа,  қазір- 

гіше  анықтама  беру  туралы  айты- 

лады.  Мінез-құлықты  ерікті  реттеу 

санамен  байланысты,  мінез-құлық- 

тың  алғашқы  түрткісін  күшейтуге 

немесе  бәсеңсітуге  қабілетті.  Осын- 

дай  түрткінің  күшеюі  мен  бәсеңсуі 

орындалатын әрекеттің тұлғалық мә- 

нінің  өзгеруі  арқылы  іске  асады. 

Балаларда  еріктің  дамуы  олардың 

адамгершілік  түрткілер  саласының 

дамуымен және баюымен тығыз бай- 

ланысты.

Адамның  белсенділігі,  жауапкерші- 

лігі, ұйымшылдығы, тәртіптілігі сияқ- 

ты  қасиеттері  дәстүрлі  түрде  әруа- 

қытта  да  жеке  тұлғаның  еріктік  са- 

паларына  жатады.  Сонымен,  ерік 

мәселесі  қазіргі  кезде  жаңа,  өзекті, 

практикалық мәнге ие болуда, демек, 

осы  мәселенің  теориялық  негіздері- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет