177
ған мақсаттарға жетуде кедергілер-
ден өтетіндей жағдаятқа жұмылдыру.
Іс-әрекеттер мен психикалық үрдіс-
терді өзінің саналы шешімдеріне ба-
ғындырып, реттеу мүмкіндігі де ерік-
тің болуымен түсіндіріледі, бұл да
адамның іс-әрекетінде табандылық,
шешімділік, ұстамдылық, батылдық
және т.б. қасиеттердің көрінуі сияқты.
Еріктік реттеуді талап ететін барлық
жағдаяттардың сан алуандығын (ке-
дергілерді жеңу, болашақ қамында-
ғы іс-әрекет, түрткілер қақтығысы,
әлеуметтік нормаларға бағыну тала-
бы мен адамның қалаулары арасын-
дағы кереғарлық т.с.с.) келесі үш
шынайылыққа сай болады:
1. іс-қимыл мотивациясы жеткілікті
болмағанда оған деген ынта-ниет ол-
қылығын толтыру;
2. өзара қақтығысы болғандай жағ-
дайда іс-қимылдың түрткілерін, мақ-
саттарын, түрлерін таңдау;
3. сыртқы және ішкі іс-қимылдар
мен психикалық үрдістерді ырықты
реттеу.
Еріктік акт – адамның өзін-өзі бел-
сенді түрде реттеуі мен ынталанды-
руы. Ерікті психологияда арнайы
зерттейтін сала Е. психологиясы адам-
ның өз мінез-құлқын, қылықтарын,
жүріс-тұрыстарын саналы түрде иге-
ре алу мүмкіндіктерін қарастырады.
Е.п. мақсатты қимыл-қозғалыстар-
да кездесетін кедергілер мен қиын-
шылықтарды жеңу механизмдері мен
заңдылықтарын зерттейді, сонымен
бірге әрбір жеке адамның ерікті іс-
әрекеттерінің өзіндік сипатын тал-
дайды.
Е.п. еріктің келесі амал-кезеңдерін-
де талдайды:
1. мақсат және оған жетуге ұмтылу;
2. мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну;
3. ниет, тілектердің пайда болуы;
4. ниеттер тартысы және оның бірін
қалау;
5. тоқтамға келу үшін мүмкіндіктер-
дің бірін қалау;
6.тоқтамға келген шешімді орындау.
Достарыңызбен бөлісу: