Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет277/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   877
ЖАЛП

ЖАЛП


196

нан  шешендік  өнерді  талап  ету  ар- 

тық;  шешендік  –  табиғи  дарынды- 

лық,  ерінбей,  жалықпай,  үзбей  із- 

денген үлкен еңбектің жемісі. Сөйлеу 

мәдениетіне  жетілу  баршамызға  ор- 

тақ міндет. Ақылға қонымды жақсы 

сөздің  жанға  жылы  тиіп,  адамды 

небір  тамаша  сезімдерге  бөлейтін- 

дігі, тек осындай шынайы сөздермен 

өрнектелген  ой  ғана  әрі  өткір,  әрі 

әсерлі  болатындығы  белгілі.  Мәсе- 

лен,  «Жақсы  сөз  –  жанның  тыны- 

сы»,  «Жақсы  адам  –  елдің  ырысы». 

«Жақсы сөз – жанға азық», «Күш жең- 

бегенді  сөз  жеңеді»,  «Қаһарлы  сөз 

қамал бұзар» деген мақал-мәтелдерден 

сөздің  адамға  тигізетін  әртүрлі  әсе- 

рі, айтылған сөз адамның көңілін кө- 

теріп, оны шаттық сезімге бөлейтіні, 

сөздің  шипалық  қасиеті  жақсы  бай- 

қалады.


Ақылдылықтың  басты  белгісі  –  дұ- 

рыстап сөйлей білу. Адамның басын- 

да  қандай  ой  туса  да,  егер  ол  оны 

лайықты сөзбен бере алмаса, ол ай- 

тушыға  да,  тыңдаушыға  да  түсінік- 

сіз, күңгірт болады. Сөйлеу мәдение- 

тіне жетілмейінше ақыл-ой мәдение- 

тіне жетілу қиын. Халқымыздың ой- 

ға олақ, сөзге шорқақ адамдарды үне- 

мі  әжуалап  келуі  де  осы  мәселеге 

ерекше  мән  беруінен  болса  керек. 

Мәселен, «Сөйлей білмеген сөзді өзі- 

не  келтіреді»,  «Таппасаң  сөздің  жү- 

йесін, отына өзің күйесің», «Аңдамай 

сөйлеген  ауырмай  өледі»,  «Құрғақ 

сөз бас ауыртар», «Қысыр сөзде қыр- 

сық көп» секілді мақалдарда сөйлеу 

өнерінен жұрдай жандар тәлкек еті- 

леді,  жастардың  сөз  өнеріне  жетік 

болуы  жайлы  айтылады.  Тыңдаушы 

адамның  психологиясын  ескергенде 

ғана  сөз  өз  объектісіне  дөп  тиеді, 

қуатты да, қаһарлы болады. Бұл жө- 

нінде халқымыз былай дейді: «Жүйе- 

лі сөз жүйесін табар», «Ойнап сөйле- 

сең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен 

өтеді,  таяқ  еттен  өтеді».  Аз  сөйлеп, 

көп ойлау, яғни үнемі логикаға жүгі- 

ніп отыру да тамаша қасиет. Халқы- 

мыз  осы  жайтты  да  бізге  қатты  ес- 

керткен.  Сондықтан  да,  олар:  «Көп 

сөз – күміс, аз сөз – алтын», «Тоқсан 

ауыз  сөздің,  тобықтай  түйіні  бар» 

деп түйген.

Сөйлеу  мәдениетіне  ерекше  жетілу 

шешендік  өнермен  тығыз  байланы- 

сып жатады. Қазақ халқы шешендік 

өнерді ерекше құрметтеп, ондай өне- 

рі барларға төрден орын берген. Тіл- 

дің  сырына  қанық,  оны  дұрыс  пай- 

далана білетін адамдар жайында ма- 

қалдар: «Жүзден біреу шешен, мың- 

нан біреу көсем»; «Шешеннің тілі – 

шебердің бізі»; «Шешеннің сөзі ағып 

тұрған  балдай»,  деп  шешендік  өнер 

кез келген адамнан табыла бермейтін 

қасиет  екендігін,  шешендік  өнерге 

адам  өмір  бойы  іздену,  еңбектену 

арқылы жететіндігін еске салады. Мә- 

селен, «Тілдің майын тамызып, сөздің 

балын  ағызып,  қас  шешендер  сөз 

айтар», «Шешеннің сөзі мерген, ше- 

бердің  көзі  мерген»,  «Көп  ішінде 

сөйлеген – көсемдіктің белгісі; көпке 

сөзі  ұнаған  шешендіктің  белгісі», 

«Шешен  сөз  бастар,  батыр  қол  бас- 

тар»  т.б.  Мақал-мәтелдерде  шешен- 

нің сөзі қынаптан суырылған қылыш- 

тай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай 

анық,  ойға  қуат,  мағыналы  да  көр- 

кем, шешендік сөздің өткірлігі оның 

тек  сырты  сұлулығында  емес,  оның 

логикалық  мазмұнында,  шындықты 

жайып салып, көркем тілмен айтуын- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет