195
тасуы бір күннің ісі емес, ол ұзақ
уақытты қажет етеді, мұндай қабілет-
ке кісі үнемі оқу, үздіксіз іздену ар-
қылы жетеді. Мәселен, «Көргеннен
көрмегенім көп, білгеннен білмеге-
нім көп», «Көргенің бір тоғыз, көр-
мегенің тоқсан тоғыз», «Естімеген
елде көп», «Адам туа білмейді, жүре
біледі», «Сөйлей-сөйлей шешен бо-
ларсың, көре-көре көсем боларсың»
деген мақалдардан да осы идеяны
жақсы аңғарамыз. Өмірді танып бі-
лу шексіз процесс.
Танымның қайнар бұлағы – қоғам-
дық тарихи тәжірибе. Адам психо-
логиясының, сана-сезімінің біртін-
деп қалыптасуы ортаға, ұжымға тә-
уелді екендігін де мақал-мәтелдер
көрсете алған. Мәселен, «Жақсымен
жүрсең – жақсы боларсың, жаман-
мен жүрсең – жын ұрып, бақсы
боларсың», «Көп жастың ішінде бір
кәрі болса, бала болар; көп кәрінің
ішінде бір бала болса, дана болар»
т.б. осы іспеттес аталы сөздер жоға-
рыда айтқан тұжырымды қуаттайды.
Мақал-мәтелдер адамдарды ақыл-
ой, сана-сезім жағынан екі топқа бө-
леді. Біріншісі, ақыл-парасаты мол,
ойлы адамдар да, екіншісі, бұған қа-
рама-қарсы, істің парқына оншама
бара бермейтін, оған үстіртін қарай-
тындар. Халық ұғымында ақыл баға
жетпес қазына. Білім, тәжірибе, тәлім-
тәрбие – адам ақылының нәр ала-
тын бұлақтары. Халқымыз: «Ақыл-
дылар шымыр келер, ақымақтар қы-
ңыр келер», «Саналы адам сағыңды
сындырмас, санасыз адам жағыңды
тындырмас», «Ақымақтың ақылы бі-
легінде, ақылдының ақылы жүре-
гінде», «Ақылды адам батпан-ақ,
ақылсыз адам сасқалақ» деу арқылы
ақылды адам мен ақымақ адамның
психологиялық портретін, өздеріне
тән ерекшеліктерін жақсы көрсеткен.
Ақыл – ерен еңбектің жемісі. Ақылды
болу үшін көп үйреніп, көп білу
керек. Ақыл өте қымбат қасиет, оны
ерекше қадір тұтқан абзал, білім мен
ақыл – егіз. Аталмыш идеяны мына
мақалдар да жақсы көрсетеді: «Алтын
шірімейді, ақыл арымайды», «Бой
жетпеген жерге ой жетеді», «Ақыл аз-
байды, білім тозбайды», «Ақыл –
дария, алсаң да таусылмас». Ақыл
адамның, ес, жад қасиетімен де ты-
ғыз байланысты. Бұлар бірінсіз бірі
алысқа бара алмайды. Адамда ақыл
мен естің егіз болып келуі – таптыр-
майтын сапа. Сондықтан да, халық
«Ескінің бәрі естен шықпайды, жа-
ңаның бәрі жайнап тұрмайды», «Бай-
лауы жоқ шешеннен, үндемеген есті
артық», «Есті ірілік көрсетпес» деп
ақылды, есті адамдарды жұртқа үне-
мі үлгі етіп отырған.
Тіл адамдардың бір-бірмен қарым-
қатынас жасайтын құралы. Жеке
адам психологиясының да, қоғамдық
ой-сананың да дамып жетілуі үшін
тілдің атқаратын ролі ұшан-теңіз.
Тілді меңгеру, шешендік өнерге же-
тілу адамға оңайлықпен келмейді.
Халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл»,
«Тіл – алмас семсер» дейді. Оны өмір-
ге дұрыс пайдалана алмаса, ол адам-
ның өзіне тиіп, ойсыратуы мүмкін.
Мәселен, «Сүйреңдеген жаман тіл,
сүйгеніңнен айырар», «Тура тілімді
тия алмаймын, туғаныма сия ал-
маймын», «Басқа пәле – тілден» деген
мақал-мәтелдерде тіл-дің ұстарадай
қылпып тұрған нәрсе екендігі, оны
өте шебер пайдалана білу қажеттігі ес-
ке салынады. Әрине, кез келген адам-
Достарыңызбен бөлісу: