197
да, дегендей салиқалы қорытынды-
лар жасалады.
Қуаныш пен қайғы, ашу мен ыза,
борыш пен ар-намыс, ұялу мен наз-
дану адам сезімінің сан алуан түр-
лері. Адамның сезім, эмоция дүниесі
мақал-мәтелдерде жан-жақты сөз
болған тақырып. Адам бәрінен бұ-
рын ар, абырой, адалдығымен ардақ-
ты, дейді халық. Адамгершілік қа-
сиет ар-ұят, ождан ұғымдарымен ты-
ғыз байланысты. Ар-намысты қор-
ғау, адамға аса жарасымды сипат.
Осындай қасиет көздеген мақсатына
жетпей қоймайтын табанды адамдар-
дан жиі байқалады. Өз мініне іштей
күйіну, өзін әділдікпен жазғырып оты-
ру, тек өз басын ғана қадір тұтпай,
өзгені де қастерлеп, құрметтеу – жақ-
сы адамға тән қасиет. «Тәнім жаным
садағасы, жаным арым садағасы»,
«Намысты нанға сатпа», «Өлімнен
ұят күшті» деп халық ар-ұятты қас-
терлеу, намысқойлық – екінің, бірі-
нен кездесе бермейтін қасиет, оның
адамға қатты әсер етіп, санасына
терең із қалдыратыны сонша («Ар-
сыз қолым істеді, арлы бетім ұял-
ды»; «Қолыңмен істегеніңді мой-
ныңмен көтер»), мұндайда адам тіпті
кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай
алмайтын халге ұшырайды, деп өте
дұрыс қорытынды жасайды. Ал, ар-
сыз болсаң адам болмағаның, адам
деген ардақты атқа кір келтіргенің,
деп түйеді енді бірде мақал-мәтел-
дер. Осындай арсыз адамдардың пси-
хологиясы жөнінде халық былайша
тебіренген: «Арсызда ынсап жоқ,
қанша білгіш десе де халық сүймес
арсызды», «Арсыз қорқақ келеді».
Адамның сезім-эмоцияларының ішін-
де ерекше көзге түсетіні – көңіл. Кө-
ңіл өте нәзік. Халық: «Көңіл бір атым
насыбайдан қалады», деп бекерге
айтпаған. Жаны таза адамдардың кө-
ңілі таза, сұлу келеді. «Көңілі ашық-
тың үні ашық», «Адам құлақтан аза-
ды, көңілден семіреді», «Көңілі сұ-
лудың, өңі сұлу». Адамның ішкі
жан сырын, көңіл күйін оның бет-
пішінінен, қас-қабағынан байқауға
болады. «Көз – көңілдің айнасы»,
«Көңілі соқырдың – көзі соқыр», деген
халық мақалдары осы ойымызды
онан сайын дәлелдей түседі. Шектен
шыққан көңілшектік, не қырғи қа-
бақтық та жақсы қасиет емес. Оның
біріншісі – ымырашылдықтың аға-
йыны болса, екіншісі кекшілдікпен
үндесіп жатады. Жақсы адамға ашу-
шаңдық та жараспайды. «Ашу – дұш-
пан; ақыл – дос», «Ашу тасыса ақыл
төгілер», деп үйретеді халқымыз. Ашу-
ға жүгіну әлсіздің ісі. Бұл адамның
өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің
кемістігі, ал ерік-жігері күшті адам
орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа
бара бермейді. Ұстамды, ақылды
адам не істесе де ойланып істейді.
Мәселен, «Ашу – пышақ, ақыл – таяқ,
жона берсең таусылар», «Ашулы
арындайды, ақылды баяндайды»,
«Ақылдан жақын дос бар ма, ашу-
дан жаман қас бар ма?», «Ұрыс ырыс-
ты қашырар, ашулы баста ақыл жоқ»
деген мақалдар адамға ақыл ғана дос,
орынсыз күйіп-пісу ашушаңдық –
жарамсыз сипат, бұл адамды орын-
сыз қажытады, деп жастарды мұн-
дай жаман қасиеттерден аулақ болу-
ға шақырады.
Алға айқын мақсат қоя біліп, өз мі-
нез-құлқын меңгере алу да жақсы
қасиет. Мақал-мәтелдерде адамның
ерік-жігер, қажыр-қайраты туралы аз
Достарыңызбен бөлісу: