Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет275/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАЛП

ЖАЛП


194

мақалдар  да  осы  пікірімізді  онан 

сайын толықтыра түседі.

Мақал-мәтелдерде  адам  түйсіктері 

ақыл,  ой,  сезім  процестерімен  бай- 

ланыста болса ғана өз мәніне ие бо- 

латындығы,  («Көңілдегі  сырды  көз 

біледі», «Көз көрмей, көңіл сенбес», 

«Жүректің сырын, көздің нұры паш 

етер»), сондай-ақ, адамның сезім мү- 

шелерінің тану қабілетінің шегі жоқ 

екендігі жөнінде де тиісті мағлұмат- 

тар берілген («Көз көруге тоймайды, 

құлақ  естуге  тоймайды»).  Мақал-

мәтелдерден танымның сезімдік жә- 

не  ақыл-ой  басқыштарының  бір-бі- 

рімен  байланысы  туралы  айтылған 

қызықты  жайттарды  да  көптеп  кез- 

дестіруге  болады.  Сыртқы  дүниенің 

толып жатқан құбылыстарының бар- 

лығын  тікелей  сезу  қиын.  Дүниеде 

біз тікелей біле алмайтын заттар мен 

құбылыстар  да  мол.  Адам  есітіп-

көргенін, сезіп-сипағанын ақылға са- 

лып  өңдеп,  бір-бірімен  салыстыра, 

талдай жинақтап, жалпылай алу қа- 

білетіне ие болады.

Жанама,  жалпылай,  сатылап  тану 

арқылы біз құбылыстардың ішкі мә- 

ніне, олардың бірінің себеп, екіншісі- 

нің салдары екендігіне, бірінің екін- 

шісінен туып отыратындығына көзі- 

міз жетеді. Мәселен, «Бой жетпеген 

жерге ой жетеді», «Көз көрмеген жер- 

ге сөз жетеді», «Көз жеткізер, көз жет- 

кізбегенді  сөз  жеткізер»,  деген  ма- 

қалдарда біз жоғарыда айтқан таным 

процесінің  негізгі  екі  сатысының 

өзара байланысы мейлінше анық та, 

айқын айтылған. Атап айтқанда, «Көз 

жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жет- 

кізер»  деген  мақалдың  мәні  адамда 

болатын сигнал жүйелерінің болмы- 

сын  (адам  миындағы  бірінші,  екін- 

ші сигнал жүйелері Қ.Ж) және олар- 

дың арасындағы байланысты жақсы 

аңғартады.  Халық  көру  мен  ой,  сөз 

арқылы танып білудің арасында елеу- 

лі  айырмашылық  бар  екенін  жақсы 

аңғара алған.

Бұл жерде «Көз жеткізер» деген сөз 

тек көз туралы айтылып қоймай, жал- 

пы  мағынада,  яғни  сезім  мүшелері 

арқылы танып білу жөнінде де айты- 

лып отыр. Көз, қүлақ, тері т.б. сезім 

мүшелерінің жұмысы – бірінші сиг- 

нал  жүйесінің  қызметі  болып  табы- 

лады. Ал, «сөз жеткізер» тіркесін қа- 

зіргі ғылыми тілмен айтатын болсақ, 

бұл  –  екінші  сигнал  жүйесі  арқылы 

танып білу деген сөз. Сөз бен ой түй- 

сіктері  арқылы  тікелей  бейнеленген 

нәрселердің ішкі мәнісін, негізгі сы- 

рын  тереңірек  ажыратуға  мүмкіндік 

беретін  өте  күрделі  психикалық  құ- 

былыстар.

Ерте кездің өзінде-ақ адамдар сырт- 

қы  ортаны  тануда  практиканың,  тә- 

жірибенің,  маңызы  зор  екенін  көре 

білген.  Таным  процесінің  басынан 

аяғына дейін, яғни тікелей пайымдау- 

дан  абстракты  ойлауға  дейін  іс-әре- 

кет,  тәжірибе  қосарласа  жүріп  оты- 

рады.  Практика  –  дүниетанудың 

негізгі  бағытын  көрсетіп  отыратын 

басты  өлшем  екендігін  мақал-мә- 

телдер  былайша  тұжырымдайды: 

«Шынайы  еңбек,  алғыр  ой  –  анық 

досың,  біліп  қой»,  «Көп  көрген  – 

нұсқа,  көп  істеген  –  ұста»,  «Саусақ 

бірікпей  ине илікпейді», «Сөзің қыс- 

қа болсын, қолың ұста болсын» т. б. 

Бұларда іс-әрекеттің арқасында ғана 

адам  өзінің  мақсатына  жететіні,  тек 

осылай  еткенде  ғана  оның  дүниені 

толық тани алатыны, айтылған. Адам 

психологиясының  жетіліп,  қалып- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет