212
пы психологиямен тығыз байланыс-
та дамыды: психиканың кез келген
теориясы психиканың онтогенезде
дамуын талдау қажеттігіне тап бо-
лып отырды. Жас психологиясының
негізгі әдістері – бақылау мен экспе-
римент. Зерделенетін объекттің тән
ерекшелігі дамудың бастапқы кезең-
деріндегі бақылаудың жетекші рөл-
де болуын анықтайды. Табиғи экспе-
римент балаларға жарамайтын лабо-
раториялық эксперименттен едәуір
жиі пайдаланылады. Баланың пси-
хикасының дамуын зерттеуді көлденең
жарма деп аталатын әдіспен жүргізуге
болады; мұнда зерттеуші психика-
ның қалыптасуының сол сәттегі пси-
хологиялық ерекшеліктерін білуді
көздейді. Бірнеше мәрте қайталана-
тын мұндай жармалар біршама көп
сыналушылар туралы мәлімет алуға
жағдайлы.
Енді бір жағдайда сол бір сыналу-
шының өзін едәуір ұзақ уақыт бойы
да (кейде бірнеше жыл) зерттеу жүр-
гізіледі, оның психикасындағы өзге-
рістер дәйекті түрде тіркеліп отыра-
тын бұл әдіс – бойлық зерттеу деп
аталады. Адамның психикалық да-
муы оқыту мен тәрбиелеу барысын-
да жүретіндіктен, жас психология-
сының мазмұны педагогикалық пси-
хологияның мазмұнымен тығыз ас-
тасады, тарихи дамуда олар бір-бірі-
нен ажырағысыз. Жас психологиясы
мен педагогикалық психологияның
нақты бірлігі зерттелетін объекттің ор-
тақтығымен байланысты; бұл объект –
дамушы және онтогенезде өзгеруші
адам. Жас психологиясында ол жа-
сына орай дамуының динамикасы
мен заңдылықтарында көрінсе, педа-
гогикалық психологияда педагогтің
мақсаткерлікпен әсер-ықпал етуі про-
цесінде оқитын және тәрбиеленетін
адам ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: