217
тін өзіндік ерекшелігі. «Жаңағы Абай
мен жеңілтек чиновник арасында бол-
ған өткір қағысуды да түгел естіген
болатын (Әуезов)».
Ж-тің бір ерекшелігі – дәйексіз,
тұрлаусыз, айнымалы, бір жерде шы-
дап тұра алмайтын адам. «Дәйексіз
шегір көздері қазір-ақ шатынап,
сынып кеткелі тұрған шыны тәрізді
(Сәрсенбаев)». Ж. мінез ерекшелік-
тері адамдардың өзара қарым-қаты-
насында ой жүйесінің дәлелсіз, тия-
нақсыз екендігін де білдіреді. Ж.
мінезі шыдамы жетпейтін ісі мен сө-
зінде тиянағы жоқ табансыздықты да
білдіреді. Ж.-тің тағы бір ерекшелі-
гі – ұшқалақтық, жеңілтек мінезді,
ұшып-қонған ұстамсыз, дегбірсізде-
ніп, жеңілтектік қимыл-қозғалысы-
мен ұшып-қонып жүреді. «Артур құ-
саған ұшқалақтары рюмкесін әлден
көтеріп, жымыңдап тұрған-ды (Ә.Нұр-
пейісов)».
Ж. мінездің сипаты ретінде адамның
кісілік келбеті мен абырой-атағына
нұқсан келтіретін ерекшелік. Жеңілтек
қылықты адамда байыптамаушы-
лық, қысқа қайырымдылық, үстірттік
жиі байқалады. Ондай адамдарға
салиқалы, жауапты істерді атқаруға
сенім білдірмейді. «Сол айтқанына
кейін өзі «жеңілдік», ұшқарылық
болды-ау деп өкінген де болатын.
(М.Әуезов)». Жеңілтек мінез көрсе-
тетін адам көпшілік қауым арасын-
да абыройлы бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: