Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет305/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   877
ЖАСө

ЖАСө


213

шілдікке  салынып,  дөрекілік  мінез 

де көрсетіп қояды. Бұлардың «үлкен 

кісі» болып көрінуі кейде қате, жал- 

ған  жолмен  кетуі  де  мүмкін  (мәсе- 

лен, кейбір осындай балалардың шы-

лым  тартуы,  үлкендермен  қарсыла- 

суы т.б.).

Мектеп  пен  отбасында  жасөспірім- 

дерге  тиянақты  тәрбие  берілуі  тиіс. 

Олардың  ересек  болуға  ұмтылуын 

ретті  жерде  қолдап,  кейбір  балалық 

эмоцияларын  ар-намыс,  абырой,  бо- 

рыш, ұят, жауапкершілік секілді жо- 

ғары  сезімдерге  айналдырып  отыру 

керек. Жасөспірімдердің дербестілік- 

ке  ұмтылуын  да  қолдап,  мінез  бен 

ерік  сапаларының  ұнамды  бітісте- 

рін қалыптастыруға жәрдемдесіп, бұ- 

ларды құр босқа қиқарлықтан, желөк- 

пеліктен ажыратып отыру қажет.

Әрбір мұғалім, әсіресе сынып жетек- 

шілері жасөспірімдердің жеке ерекше- 

ліктеріне  тән  бейімділіктеріне  қарай 

оларды  түрлі  қоғам  жұмыстарына 

тартып,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке 

қызу  араластырып  отырғаны  мақұл. 

Бұл жастағы балалардың оқу әрекетін 

еңбекпен  дұрыс  ұштастыру  арқылы 

ғана оларды еңбексүйгіштікке, тәртіп- 

тілікке, талапкерлікке, ұжымдыққа т.б. 

қасиеттерге тәрбиелеуге болады.

Жасөспірімдердің  аяқ-қолдарының 

тездетіле  өсуі,  бұлшық  еттерінің  қа- 

таюы  олардың  дене  еңбегіне  құмар- 

туларын тудырады, яғни бала жалпы 

еңбек энтузиазымының әсеріне оңай 

елігіп,  ұжым  арасында  бар  ықыла- 

сымен  жұмыс  істейді.  Осы  жаста- 

ғылардан  өз  шамасын  асыра  баға- 

лайтын, сондай-ақ әркез үлкендермен 

парапар  әрекеттенуге  тырысатын 

жайттарды  жиі  байқауға  болады. 

М.Горький «Кісі есігінде» атты шығар- 

масында бұл жөнінде былай деген еді: 

«Кейде жеткіншектер ақымақтықпен 

жігіттік  көрсетем  деп,  ересек  адам- 

дардың күшін күндеп, өздерінің бұл- 

шық еттері мен сүйектеріне тым ауыр 

келетін жүктерді көтеруге тырысады 

және  көтереді  де...  Мен  де  осылар- 

дың  бәрін  өз  мағынасында  дене 

күшімен де, рухани да істедім. Сөйтіп 

тек қана кездейсоқ жағдайлар себеп-

ті  өлімге  соғатын  шалдығудан  сақ 

қалып,  бүкіл  өмір  бойына  мүгедек 

боп қалмадым». Жасөспірімдердің іс- 

әрекет үстінде тез қимылдаймын деп 

осылайша  босқа  шаршап  қалатын- 

дықтарын ескеріп отырмаса болмайды.

Ортаңғы сынып оқушыларының ара-

сында  көркем  әдебиет,  спорт,  шах-

мат,  техникамен  шамадан  тыс  көп 

әуестенушілік  кейде  сабақ  үлгірімін 

төмендетуге  себепкер  болады.  Тәр- 

биешілер, осындай бір жақты шұғыл- 

данушылыққа  жол  бермей,  оларға 

ақыл-ой  және  дене  еңбегін  қалайша 

тиімді  етіп  пайдалануға  болатынды- 

ғын,  сондай-ақ  қол  бос  уақытты  дұ- 

рыс  пайдалану  керектігі  жөнінде 

ақылға қонымды кеңестер айтып оты- 

руы өте қажет жайт.

Осы  жастағы  балалардың  қызығуы 

мен әуестенушілігі де күшті болады. 

Әсіресе  олар  көркем  әдебиетке,  сая- 

си-қоғамдық мәселелерге, саяхат, фан- 

тастикаға әуес келеді, шытырман оқи- 

ғаға  толы,  қиыншылықты  жеңуде 

өзін-өзі  тәрбиелеуде  түрткі  болатын 

кітаптарды көп оқиды.

Жасөспірімдердің  психикалық  про-

цестері дамып, күрделене түседі. Ой-

лауында  заттардың  себеп-салдарлық 

байланыстарын ажырататын көрініс-

тер,  абстрактілі  ұғымдар,  еске  сақ- 

тауында логикалық-мағыналық прин- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет