214
ципке негізделген әдістердің болуы,
қиялының сан тарапқа шарықтап об-
раздарға бай келуі осындай көп оқу,
ізденудің, көп нәрсеге әуестенудің
салдары болып табылады. Олардың
сөйлеу ерекшеліктері мен зейінінде
де, ерік сапаларында да сапалық өзге-
рістер байқалады.
Жасөспірімдердің ұжымның белсен-
ді мүшесі екендігін сезіне бастауы,
оның «нағыз өмірге» талаптанатын-
дығы, өзін бағалай білушілігі, жұрт
пікірімен санаса бастауы оның жеке
басының едәуір жетіліп қалғанын
көрсетеді. 14-15 жас балалардың ара-
сында мамандық таңдау мәселесі жө-
нінде байсалды пікірлер айтылады.
Бұл мәселенің күн тәртібіне қойы-
луы жасөспірімдердің өмірге дұрыс
көзқарасы қалыптаса бастағанын аң-
ғартады. Олар жалпы білім беретін
орта мектепке оқуды жалғастырумен
қатар арнаулы мамандық беретін оқу
орнына не өндіріске баратындықта-
ры туралы көп ойласады, ақыл-кеңес-
ке кұлақ түріп отырады. Әрине, бұл
жерде ата-аналардың, мұғалімдердің
жақсы кеңесі қажет-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: