Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет308/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАУА

ЖАУА


215

ды.  Кез  келген  міндетті  орындау 

еріктік қасиеттер мен күш-жігерді – 

табандылықты,  ынтаны,  батылдық- 

ты,  шыдамдылықты  талап  етеді.  Ал 

міндеттер, яғни шартсыз түрде орын- 

далуға тиісті әрекеттер рөлдік функ- 

цияларды  орындауға  байланысты 

ажыратылады: қызметтік, отбасылық, 

азаматтық қоғамдық, және т.б. Пси- 

хологияда  тұлғаның  жауапкершілік 

қасиетін  анықтайтын  субъективтік 

қадағалау деңгейі ұғымы бар.

ЖАУЛАСУШЫЛЫҚ – екі адамның 

бірімен-бірінің,  не  екі  жақтың  дұш- 

пандық,  жаулық  жағдайда  болып 

қалыптасуы. Ж. екіжақты қастандық 

әрекет  ретінде  шабу,  шауып  алу, 

жаулап алып бір елдің өзге елді отар- 

лауы сияқты әрекеттері арқылы жү- 

зеге  асып  жатады.  Ж.  тек  екі  мем- 

лекет  не  екі  тайпа  арасында  ғана 

емес,  сонымен  қатар  жеке  адамдар 

арасында  да  болып  жататын  әрекет. 

Ж. халықтардың біріне-бірінің айдап 

салу, өшіктіру, жау етіп, дұшпан етіп 

көрсету  нәтижесінен  де  байқалады. 

Осы орайда «Жауластырмақ жаушы- 

дан, елдестірмек елшіден» дейтін ма- 

қалда терең ойдың мәнін тұжырым- 

дап берген.

Ж.-тың  өршіген  көрінісі  жаугерші- 

лік-соғыс  жағдайымен  бірімен-бірі 

қырып-жою  әрекеттерімен  ұштасып 

жатады. Ж. жеке адамдар арасында- 

ғы  кереғарлық  қатынастан  бастап 

екі мемлекет, екі халық, не қоғамдық 

саяси-экономикалық қатынастағы ел- 

дер  мен  мемлекеттер  арасында  бо- 

лып  отыратын  әлеуметтік  жағдай, 

қоғамдық құбылыс болып саналады. 

Дүниежүзі  халықтарының  біздің  ға- 

сырымыздағы жағдайларды келешек- 

те  де  бейбіт  жолмен,  ақыл-санамен 

шешіп отыруды игі мақсат етіп ұстанады.



ЖЕК КөРУ – тілімізде жеккөрініш- 

ті, жексұрын, сүйкімсіз дейтін атау- 

лармен  қолданыла  береді.  Ж.к.  сүй- 

кімсіз, мінез-құлқы мен іс-әрекеті жа- 

ғымсыз  адамға  қатысты  білдіретін 

көңіл  күйі.  Ж.к.  негізінен,  адамның 

оғаш қылықтарын, дөрекі мінезі мен 

жүріс-тұрысының  да  жексұрын  қи- 

мыл-қозғалыстарын  білдіреді.  Ж.к. 

адамның  ұнамсыз,  тартымсыз,  қы- 

лықсыз, жағымсыз түр-сипатынан, іс- 

қимылынан,  сөйлеген  сөзінен,  өзге 

адамдармен  жағымсыз  қарым-қаты- 

насынан  да  көрініп  тұрады  да  ма- 

ңындағылардың ж.к. сезімін тудырады. 

Ж.к.  адамның  өзге  адамдарға  деген 

көніл  күйінің  қатынасын  білдіретін 

сезімі. Ж.к. сезімінің туындауы ең ал- 

дымен жеке басындағы кісілік қасиет- 

терінің жоқтығы; екіншіден, маңын- 

дағы  адамдарға  жағымсыз  мінез-

құлқының ұнамсыз жақтарымен көз- 

ге  көрінуі;  үшіншіден,  өз  басының 

әлеуметтік  орны  мен  азаматтық  бо- 

рышына  немқұрайды  қарап,  қарым-

қатынас  жасаудағы  жағымсыз,  оғаш 

әрекеттеріне байланысты болып оты- 

рады.  Ж.к.  сәбилер  мен  бүлдіршін- 

дердің  өмірінен  айқын  байқалып 

отырады. Ойын үстінде балалар бірі- 

не-бірі  дөрекілік  жасап,  құрбысына 

әділетсіз әрекет жасаса, оны өзгелері 

жек көріп, оған жиіркенішті сезіммен 

қарайтын болады.

Ондай  құрбыларымен  бірлесіп  ой- 

нағысы келмей тартыншақтық көрсе- 

теді. Ж.к. мінездің өзіндік ерекшелі- 

гін  білдіретін  сезіммен  тығыз  бай- 

ланысты  психологиялық  күй.  Ж.к. 

сезімі адамды дұшпанға, қаскөйлердің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет