219
қалыпта жүзеге асып отырады да,
ми сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстарын дұрыс бейнелейтін
болады.
ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫзМЕТІНІҢ
ТИПІ – жүйке жүйесінің комплекті
түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай
қызмет жоғары жүйке қызметінің си-
паттары мен қасиеттерін білдіреді.
Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік
ортада атқаратын жұмысы мен іс-
әрекетіне байланысты жаңа сапалар-
ға ие болады. Жоғары жүйке қызме-
тінің типтері мен сипаттары адам
мінезінің физиологиялық негізі бо-
лып табылады.
ЖОҒАРЫ СЕзІМДЕР – адамның
қажеттіліктерімен және оны қа-
нағаттандыру мүмкіндіктерімен бай-
ланысты. Қажеттіліктердің сипаты-
на байланысты жай және жоғары
сезімдер деп бөлінеді. Жай сезім-
дерге белгілі бір физиологиялық қа-
жеттіліктерді қанағаттандыру немесе
қанағаттандырмаумен байланысты
сезімдерді жатқызамыз. Мысалы,
аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну
сияқты эмоциялық жағдайлармен
байланысты сезімдер жатады. Жай
сезімдердің ерекше биологиялық мә-
ні зор.
Олар бас ми алабына дене жағда-
йы туралы сигналдарды жеткізіп
отырады: денсаулығы немесе ауру-
лығы, қарапайым қажеттіліктерді
қанағаттандыру немесе қанағаттан-
дырмау туралы. Жоғары сезімдер
адамның рухани дүниесін білдіреді
және оны жеке тұлға анықтайды.
Жоғары сезімдер рухани қажеттілік-
терді қанағаттандыру немесе қанағат-
тандырмау негізінде пайда болады.
Жоғары сезімдер анық байқалатын
қоғамдық сипатта болады және адам-
ның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақ-
тары мен құбылыстарына қатына-
сын білдіреді (моралдік, интелектуал-
дік және эстетикалық). Жоғары се-
зімдердің мазмұны, олардың бағыт-
тылығы адамның көзқарасымен,
адамгершілік мінез-құлық ережеле-
рімен және эстетикалық бағалаулар-
мен анықталады. Жоғары сезімдер
адамгершілік, эстетикалық және ин-
теллектуалдық болып бөлінеді. Адам-
гершілік сезімдер – қоғамдық өмір-
дің талабына сәйкес көрінетін адам-
ның жоғарғы сезімдерінің бір түрі.
Бұлардың мазмұны да, құрылымы да
өте күрделі.
Мұндай сезімдер тобына жолдастық,
достық, махаббат, адамдық, шыншыл-
дық, ар-намыс, борыш, жауапкерші-
лік, елжандылық, ұят, ұлттық мақта-
ныш, қазақстандық патриотизм т.б.
жатады. Адамгершілік (моралдік) се-
зімдер дегеніміз дүниедегі құбылыс-
тарды қабылдауда адамдардың көңіл
күйі және бұл құбылыстарды қоғам-
ның қалыптасқан ережелерімен са-
лыстыруды айтады. Бұл сезімдердің
байқалуы көрсеткендей, адамдар адам-
гершілік талаптар мен ережелерді
меңгереді. Адамгершілік талаптар қо-
ғамның тарихи дамуының үрдісінде
оның дәстүрлеріне, салтына, дініне,
идеологиясына және т.б. байланысты
қалыптасады және өзгеріп отырады.
Мысалы, ар-намысты қорғау, көбіне-
се қайсар, өжет, табанды, көздеген
мақсатына жетпей тынбайтын адам-
дарда жиі байқалады.
Адамның өмір сүріп отырған қоға-
мы, оның нақтылы іс-әрекеті морал-
Достарыңызбен бөлісу: