ИМАНСЫзДЫҚ-ИМАНДЫЛЫҚ.
Имансыздық – адамгершіліктік прин-
циптерден бас тарту, құлықсыздық
(келеңсіз, ұнамсыз); адамға жат мі-
нез-құлықтың атауы. Мұндай жат
мінез-құлық иелеріне көп жағдайда
шектен шыққан арсыздық тән. Ол адам
бойында орынсыз қатыгездік, нем-
құрайдылық, қажетті тәлім-тәрбие
көрмеуден туындап жатады, ондай
кісі жағымды эмоцияға жұтаң, ке-
рісінше, бетімен кетушіліктің шек-
тен асқан көрінісі. И. түрлері әр-
түрлі: ашық арсыздық, адам баласын
жек көру, мақсатқа жетудің қолай-
сыз тәсілдерінен бас тартпау және
т.б. Аристотельдің пікірі бойынша,
И-тың негізі, қайнар көзі саяси көз-
қарастардың кемшіндігінен, қоғам-
дық қатынастардың бұрмаланған
түрлері (тирания, олигархия т.б.) әр-
түрлі күнәһарлықты тудырады: (пай-
дакүнемдік, мейірімсіздік, арамдық,
дарақылық, шектен шығу, жаулық
т.б.). Қазіргі заманда бұл мәселе кө-
кейтесті болып отыр. Сондықтан қа-
зіргі жастарға ғылыми әдеп тұрғы-
сынан имандылық пен ар-ождандық,
адамгершіліктік құндылықтар мен
принциптерді қалыптастыру аса қа-
жет. И. опасыздық, ұждансыздық,
ұятсыздық, ұлтсыздықпен тоқайла-
сады. Абай иман жайында мынадай
ой түйген: «Құдай тағала әрбір ақы-
лы бар кісіге иман парыз деген, әр-
бір иманы бар кісіге ғибадат парыз».
Тағы бір жерде «Ұятсызда иман жоқ,
түпке жетер» деген пікір білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |