ИБН-СИНА (980-1037) – Орта-
азиялық ғалым. Жан туралы, оның
табиғилығының негіздері туралы
ілім құрушы. Ол өз Шығыс әлемінде
әл-Фарабиден кейін психология са-
ласында терең мағыналы түйіндер
жасаған ғұлама. Мәселен, жан қуат-
тарының (түйсік, ес, ойлау т.б.) ми
қызметінде туындайтын, оның бір-
тіндеп онтогенезде дамып отыра-
тындығын, адамның мінез, қабілет,
темперамент ерекшеліктері сыртқы
ортаның әсерінен өзгеріске түсіп оты-
ратындығын нақты тәжірибе арқы-
лы дәлелдеулері 5 томдық «Дәрігер-
лік ғылымның канондары» атты не-
гізгі еңбегінде көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |