Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет355/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИМПЛ

ИНДИ


250

лік иесі. И. дербес өмір сүретін ағза 

(бөлек,  жеке  тірі  ағза).  Тұлғаның 

биологиялық  сипатын  түсіндіретін 

ұғым.  Биологиялық,  физикалық, 

әлеуметтік,  психологиялық  т.б.  қа- 

сиеттер  жиынтығы  бар  дараланған 

адам.


И.  –  1)  жеке  табиғи  мақұлық  ре- 

тіндегі  адам,  Ноmо  sapiens  өкілі, 

филогенетикалық  және  онтогене- 

тикалық дамудың өнімі;

2)  адамзат  қауымының  жеке  өкілі; 

ол тек биологиялық қана емес, соны- 

мен  қатар,  құралдар  мен  белгілерді 

белсенді пайдаланып, соның негізін- 

де  өз  мінез-құлқы  мен  психикалық 

функцияларын  меңгеретін  әлеумет- 

тік  пенде.  Кеңестік  психологияда 

адам психологиясын талдауда «инди- 

вид», «тұлға», «іс-әрекет субъектісі», 

«жеке-даралық»  ұғымдарын  бөліп 

қарастыру қалыптасқан (Б.Г.Ананьев, 

А.Н.Леонтьев,  А.Г.Асмолов).  Тұлға 

ұйымдасуында  және  оның  мінез-

құлқын реттеуде индивидтік қасиет- 

тердің  маңыздылығы  зор.  И.  едә- 

уір жалпылама сипаттамалары: пси- 

хофизиологиялық  ұйымдасудың  тұ- 

тастылығы; қоршаған дүниемен өза- 

ра әрекеттестіктегі тұрақтылық; бел- 

сенділік.

Тұтастылық белгісі И. өмірлік қаты- 

настарды  жүзеге  асыратын  алуан 

түрлі функциялар мен механизмдер- 

дің  арасындағы  жүйелі  байланыс- 

тарды көрсетеді. Тұрақтылық И. ақи- 

қат  дүниеге  деген  негізгі  қатынас- 

тарының  сақталуын  білдіреді.  Мұ- 

ның  өзінде  И.  икемділігі  де  жақсы 

байқалады. И. белсенділігі оның өзін 

өзгертуге  қабілеттілігін  қамтамасыз 

ете  отырып,  жағдаятқа  тәуелділік 

пен  оның  тікелей  әсерлерін  еңсеру- 

ді диалектикалық тұрғыда ұштасты- 

рады және қоршаған дүниеден келе- 

тін әсерлерге жауап беруінен көрініс 

табады.


ИНДУКЦИЯ  –  жекеден  жалпыға 

қарай  жасалатын  ой  қорытындысы. 

Гүлдер  сусыз  өмір  сүре  алмайды, 

ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды 

десек,  осы  айтылғандардан  жалпы- 

лап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете ал- 

майды  деген  қорытындыны  жасай- 

мыз.  Білімнің  жеке-жеке  пайым- 

даулардан жалпы қағидаларға қарай 

ауысуы. И. дедукциямен тығыз бай- 

ланысты.  Психологияда  индукция- 

лық пайымдаулардың дамуы мен бұ- 

зылуы зерттеледі. 

1). Жекеден жалпыға қарай дамитын 

логикалық ой тұжырымы.

2). Нейрофизиологияда тітіркену нә- 

тижесінде пайда болған алғашқы қо- 

зу  ошағының  маңындағы  аймақтар- 

ға тарауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет