249
Имандылық – бұған қарама-қарсы
мұсылман дінін ұстаушылар (әсі-
ресе бес парызын міндетті түрде орын-
дап жүргендердің), сондай-ақ адам-
гершіліктің деңгейіне дақ түсірмей-
тін (өтірік айтпау, кісі ақысын жемеу,
зинақорлықпен айналыспайтын), адал
еңбегімен күн көретін жаны жайсаң
адамдардың психологиялық-мораль-
дік бейнесін көрсететін категория.
ИМПЛИЦИТТІК – 1) тікелей ба-
қылауға келмейтін, түсініксіз нәрсе.
Американдық психолог Д.Уотсон
(1878-1959) бұл терминді ойлау сияқ-
ты саналық процестердің негізінде
жататын бездер мен бұлшық еттер-
дің нәзік реакцияларына қатысты
қолданды; 2) ұғынуынсыз, жасырын,
көрінбейтін, демек, едәуір дәрежеде
индивидтің ұғынуынсыз өтетін про-
цесс. Санадан тыс өтетін когнитив-
ті процестерді сипаттауда қолданылады.
ИМПРИНТИНГ (ағылш.
imprint –
есте сақтау) – жоғары cатыдағы омырт-
қалылардағы үйренудің айрықша
түрі. И. туыла салып дамудың ерте
сатысында өтеді, өте шектелген бел-
гілі бір уақытта ғана болуы мүмкін.
И. процесі өте жылдам (көбіне объек-
тімен бірінші кездескенде-ақ) жаса-
лады. И. нәтижесі, әдетте, қайтым-
сыз процесс. И. жануарларға ұрпақ-
тарын қорғауын қамтамасыз етеді
(балапандардың ата-анасының со-
ңынан еруі, ата-аналарын тануы,
тұрған жерін тануы және т.б.). Со-
нымен, И. тәжірибе алудың түрі.
Туыла берілетін және үйренетін реак-
циялар арасында орын алады. И.
жағдайында қандайда бір сыртқы
стимулдың ықпалымен туыла беріл-
ген қылық формасы әрекетте жал-
ғасады. Сонда туыла берілген мүм-
кіндіктерді стимулдар туғызады деп
тұжырым жасауға болады. И. – туыл-
ған сәттен бастап қандайда бір сти-
мулдың ықпалымен тікелей іске асы-
рылатын немесе генетикалық бағдар-
ламада жетіліп кодталған дайын кү-
йінде берілген қылықтың қандайда
бір формасының арнайы үйретулер-
сіз-ақ, қызметін атқаруы.
Достарыңызбен бөлісу: