Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет363/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИНТЕЛЛЕКТ  ТЕСТІЛЕРІ  –  ин- 

дивидтің  ақыл-ой  әлеуетін  анықтау- 

ға арналған психологиялық диагнос- 

тика  әдістемелері.  И.т.нің  көпшілі- 

гінде  сыналушыға  арнаулы  бланкте 

тестінің  міндеттері  солардан  құрас- 

тырылған  терминдер  мен  ұғымдар 

арасындағы нұсқауда көрсетілген ло- 

гикалық  топтастыру,  ұқсастыру,  қо- 

рыту  және  т.б.  қатынастарды  анық- 

тап белгілеу ұсынылады. Сыналушы 

ИНТЕ

ИНТЕ



256

өзінің  шешімдерін  жазбаша  түрде, 

не бланкіде бар бірнеше варианттың 

біреуіне белгі қояды. Есептер кейде 

суреттерден,  геометриялық  фигура- 

лардан  және  т.б.  тұрады.  Тестілер 

есептеріндегі  дұрыс  орындалғанда- 

рының санына қарап сыналушының 

ойдағыдай өткені анықталады, зият- 

тылық  коэффициенті  шығарылады. 

Алайда тестілеу нәтижелерінің сына- 

лушының ақыл-ой әлеуетін анықтау- 

дан  гөрі  оның  бұған  дейінгі  тәжі- 

рибесінің, оқытылғандығының ерек- 

шеліктерін анықтауға ғана себеп бо- 

латын жағдайлар мен қиыншылықтар 

бар.  Сондықтан  бұл  нәтижелерді 

«тестілік» немесе «психометриялық» 

зият деп есептеуге де негіз бар. Шын 

мәнінде  «тестілік»  зият  индивидтің 

ақыл-ойы дамуының деңгейін көрсе- 

теді, ал мұның критерийі нақты зият 

тестілерінің авторлары ұсынған ұғым- 

дар мен терминдердің және олардың 

арасындағы  логикалық  қатынастар- 

дың  жинағы  болып  шығады.  Әр 

түрлі мәдениеттердің өкілдері болып 

табылатын индивидтер үшін бұл жи- 

нақтың  критерий  бола  алмайтыны 

түсінікті.  И.т-нің  әртүрлі  үлгілері 

теориялық зерттеулерде және дефек- 

тология  практикасында  қолданыла- 

ды, тестілеу нәтижелері үшін өңдеу- 

дің  ерекше  әдістері  талдап  белгі- 

ленген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет