Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет362/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИНТЕЛЛЕКТІК СЕзІМДЕР. Мұн- 

дай  сезімдер  адамның  танымдық 

(тану)  үрдістерімен,  ақыл-ой  әреке- 

тімен тығыз байланысты туындайды. 

Интеллектік сезімнің түрлеріне: таң- 

сықтау,  білуге  құмарлық,  күдіктену, 

сенімділік,  интуиция,  ықтималдық, 

жаңашылдық,  болжау  т.б.  сезімдер 

жатады. Сезімнің мұндай түрлері оқу 

үрдісінде,  ғылыми-зерттеу  ізденіс- 

терінде, адамға зор ләззат беретін жа- 

ңалықтар  ойлап  табуда  пайда  бола- 

ды. Мұғалімнің басты міндетінің бі- 

рі  –  оқушыларда  интелектік  сезім- 

дерді  тудыру  арқылы  санасын  қа- 

лыптастыру болып табылады. Ол үшін 

көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір бі- 

лім алу мақсатына жете алмайтыны- 

мызды  оқушыларға  түсіндіру  керек. 

«Оқу  инемен  құдық  қазғандай»,  ол 

оңайлықпен қолға түспейді.

Оған жан-тәніңмен берілмесең, тия- 

нақты еңбек етіп, қатты зейін қойма- 

саң болмайды. Оны үнемі толықты- 

рып  отыру  да  қажет.  «Адамның  кө- 

ңілі шын мейірленсе, – дейді Абай, – 

білім-ғылымның өзі де адамға мейір- 

леніп, тезірек қолға түседі». Жүрдім-

бардым үйренетін адамдарға ғылым 

тұрақтамайды. Өйткені  ғылым өзіне 

түгелдей берілуді қажет етеді. Интел- 

лектік  сезімдер  адамның  сана-сезі- 

мінен орын алса, шындықты аша тү- 

суге  құмары  арта  түседі,  мұндайда 

ол  асыл  мұрат  үшін  күреске  белді 

бекем байлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет